08.10.2009, 16:47 3242

Астанада су мен жарықты кейде ескертусіз өшіріп тастау оқиғалары бар - президент

Астанада су мен жарықты кейде ескертусіз өшіріп тастау оқиғалары бар - президент

Астана. 8 қазан. Kazakhstan Today - Астанада су мен жарықты кейде ескертусіз өшіріп тастау оқиғалары бар. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астана қалалық әкімдігінде өткен кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Тиісті ақпаратты берместен, қалада су мен жарықты өшіріп тастау оқиғалары кездеседі. Бұл аядан тіпті төлемақыны ұдайы төлейтіндер де тысқары қалмайды. Сосын оны қайта қосу үшін тіпті тәртіптен озбаған адамнан да төлем алатын жайттар бар", - деді президент.

Сондай-ақ, президенттің айтуынша, жалпы алғанда Астанада анықтама-ақпарат беру қызметтерінің жұмысты тиісті деңгейде болмай отыр.

"09 нөміріне түсу мүмкін емес. Иуежайға, басқа да анықтамалық қызметтерге қоңырау шала алмайсың. Бұл қаланың имиджіне біршама нұқсан келтіреді. Бұл саладағы тәртіпті кім қадағалауға тиіс? Ирине, әкімдіктің қызметтері", - деді президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны