11.10.2018, 14:13 5483

Астанада Трансшекаралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану Конвенциясы Тараптары Кеӊесініӊ мәжілісі өтуде

Конвенция трансшекаралық жер үсті және жер асты суларын әділ және саналы пайдалануға қол жеткізуді және әріптестікті қамтамасыз ететін халықаралық келісім болып табылады.

Астана. 11 қазан. Kazakhstan Today - Қазан айыныӊ 10 мен 12 аралығында Астана қаласында Трансшекаралық су арналары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану Конвенциясы Тараптары Кеӊесініӊ мәжілісі өтуде.

Конвенция трансшекаралық жер үсті және жер асты суларын әділ және саналы пайдалануға қол жеткізуді және әріптестікті қамтамасыз ететін халықаралық келісім болып табылады.

Мұндай халықаралық келісімніӊ мүмкіндіктерін пайдалану жалпы жылдық жер үсті су ресурстарыныӊ 50 % жуығы шекаралас мемлекеттердіӊ аумағынан келетін Қазақстан үшін аса маӊызды болып табылады.

Қазақстан Республикасы 2000 жылдан бастап Халықаралық келісімніӊ мүшесі болып табылады, 2003 жылы Конвенцияныӊ 25 және 26 баптарына түзетулер енгізілгеннен кейін Конвенция жаhандық деӊгейге көтерілді. Конвенцияға Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше кез келген мемлекет қосыла алады.

Бүгінгі күні Конвенцияға 40 астам мемлекет мүше болып табылады, оныӊ ішінде бізге көрші Ресей, Өзбекстан және Түрікменстан мемлекеттері де осы халықаралық келісімніӊ толыққанды мүшелері болып табылады.

Конвенция Тараптарыныӊ Кеӊесі үш жылда бір рет өткізіледі. Бұған дейінгі Конвенция Тараптары Кеӊесініӊ 7-ші сессиясы 2015 жылы Мажарстан (Венгрия) астанасы Будапешт қаласында өткізілген, және сол жерде 8-ші сессияны Қазақстанда өткізу туралы шешім қабылданды.

Будапештте Суды бағалаудыӊ Халықаралық орталығын Қазақстанда орналастыру туралы біздіӊ ұсынысымыз қолдау тапты. 2017 жылғы желтоқсан айында Суды бағалаудыӊ Халықаралық орталығы Астана қаласында ашылып, жұмыс істеуде, ол Конвенция әріптестігініӊ құралы болып табылады.

Ерекше атап өтетін мәселе, Конвенция Тараптары Кеӊесініӊ мәжілісі тұӊғыш рет Азия құрлығында және жаһандық деӊгейде өткізілуде.

Осы шара барысында Конвенцияны жаһандық орындалуыныӊ Стратегиясын, сондай-ақ Конвенцияныӊ

2019-2021 жылдарға арналған жұмыс Бағдарламасын қабылдау күтілуде.

Бұл шараныӊ Қазақстанда өткізілу не береді?

Келесі үш жылда Конвенция Бюросында төрағалық етуі бізге өтеді. Бұл Орталық Азия елдерініӊ халықаралық су қатынастарындағы өӊірлік мүдделерін ілгерілетуге және трансшекаралық су әріптестігін нығайтуға мүмкіндік береді. Халықаралық су құқығы нормаларын берік сақтайтын мемлекет ретінде Қазақстан өзініӊ әріптестікті дамыту мүмкіндіктерін жаһандық деӊгейде кеӊейтеді. Сонымен қатар, трансшекаралық су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ еліміздіӊ су секторындағы ғылыми және институционалдық потенциалын күшейтуге ықпал етеді.

Конвенция Тараптары Кеӊесініӊ жұмысына әлемніӊ 90 елінен ресми делегациялар, жалпы саны 500-ге жуық қатысушылар келеді деп күтілуде, оныӊ ішінде, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар мен ғылыми орта өкілдері де бар.

Ресми делегацияларды трансшекаралық су әріптестігін дамытуға жауапты министрліктер мен ведомстволардыӊ бірінші басшылары басқарып келеді.

Мәжілістіӊ ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Премьер - Министрініӊ орынбасары - Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев және БҰҰ хатшысыныӊ орынбасары - Еуропалық экономикалық комиссиясыныӊ Атқарушы хатшысы Ольга Алгаерова қатысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны