14.10.2008, 15:15 1530

Астанада жанармай талондарын қолдан жасап сатады деген күдікпен бір топ адам ұсталды

Астанада жанармай талондарын қолдан жасап сатады деген күдікпен бір топ адам ұсталды

Астана. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Астанада жанармай талондарын қолдан жасап сатады деген күдікпен бір топ адам ұсталды. Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте Астана қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Серік Ибдірахманов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Астана қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне қалада орналасқан бір ЖШС-де белгісіз біреулердің жанармай құюға қолдан жасалған талондарды алаяқтық жолмен өткізгендігі туралы ақпарат келіп түсті.

"2008 жылдың 8 қазанында жедел іздестіру іс-шаралары барысында басқарма қызметкерлері Бөгенбай батыр даңғылының бойында орналасқан "Мечта" дүкенінің жанында 200 000 теңге ақша беріп жатқан жерінде қаладағы бір ЖШС менеджері болып қызмет атқаратын азаматты қолға түсті. Оны тінту барысында 10 160 литр АИ-92 маркалы жанармай алуға құқық беретін, қолдан жасалған талондар тәркілеп алынды",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ, дизайнер болып қызмет атқаратын тағы бір азамат ҚР Қылмыстық кодексінің 325-бабында қарастырылған құжаттарды қолдан жасағаны үшін күдікті деп табылып қолға түсті.

Ол қызмет атқаратын ЖШС мекемесіндегі жұмыс орнын тексеру барысында компьютердің жүйелік блогы мен флешкарта тәркіленіп алынды. Сонымен қатар, "Ауди-80" маркалы көлігін тінту барысында жүксалғыштан "KZ" деген графикалық бедері бар 500 қағаз тәркіленді. Күдікті бұрын жұмыс атқарған дизайнерлік орталықты тексеру барысында жүйелік блок, талон басатын түрлі-түсті көшіріп басу аппараты алынды.

С.Ибдірахмановтың айтуынша, барлығы бес адам ұсталып, қылмысын мойындаған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны