23.09.2009, 18:36 3086

Астанада "Жастар компьютерлік пираттарға қарсы" акциясы өткізілуде

Астанада "Жастар компьютерлік пираттарға қарсы" акциясы өткізілуде

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - ІІМ ағымдағы жылдың 7-30 қыркүйегі аралығында зияткерлік меншік құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Астанада "Жастар компьютерлік пираттарға қарсы" акциясын өткізуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қазақстан Республикасы ІІМ Криминалдық полиция комитетінің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ішкі істер министрлігі ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күреске көп көңіл бөледі.

Акцияның мақсаты зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға қоғам мен халықты, ең бастысы жастарды кеңінен тарту, жалпы алғанда Қазақстан азаматтарының лицензияланбаған бағдарламалық өнімді сатып алу үрдісін азайту болып табылады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылы ақпараттық технологиялар саласында барлығы 1810 (+70,5%) құқық бұзушылықтар, оның ішінде 243 (+45) конрафактілік өнімдер шығару дерегі анықталды, 349 қылмыстық іс, оның ішінде контрафактілік өнімді таратқаны үшін 69 қылмыстық іс қозғалды.

ІІМ мәліметінше, 2008 жылы лицензияланбаған бағдарламалық өнімді таратудың 29 фактісі, ағымдағы жылдың 8 айында 41 фактісі анықталды. Сонымен қатар, Интернетте лицензияланбаған бағдарламаларды тарату үрдісінің өсуі байқалады. Жылдың басынан бастап контрафактілі өнімдерді әзірлейтін 12 жасырын цех анықталды. Мәселен, ағымдағы жылдың ақпан айында Алматы қаласының ІІД лицензияланбаған бағдарламаларды және басқа да контрафактілі өнімдерді әзірлеген жасырын цехті анықтап, 40 мыңдай дискілерді тәркіледі. Контрафактілі өнімдерді тасымалдайтын "ШҚО-Астана-Қарағанды" арнасы жойылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны