11.06.2014, 19:50 2906

Астанада Жоғары бiлiм беру көшбасшыларының III Еуразиялық форумы өтуде

Назарбаев Университетiнiң пiкiрталас алаңдарында Қазақстанның жетекшi ЖОО ректорлары, Кембридж, Торонто, Хартфорд, Фукуа атындағы Бизнес мектептерi мен Дьюк университетiнiң ғалымдары бас қосады.

Алматы. 11 маусым. Kazakhstan today. Астана қаласында Назарбаев Университетiнде Еуразиялық аймақтың бiлiм беру саласы бойынша ауқымды оқиғаларының бiрi болып табылатын жыл сайынғы Жоғары бiлiм беру көшбасшыларының III Еуразиялық форумы (EHELF) өтіп жатыр.

Назарбаев Университетiнiң пiкiрталас алаңдарында Қазақстанның жетекшi ЖОО ректорлары, Кембридж, Торонто, Хартфорд, Фукуа атындағы Бизнес мектептерi мен Дьюк университетiнiң ғалымдары бас қосады.

Назарбаев Университетінен хабарлағандай, шараға ҚР вице-премьерi Гүлшара Ибдiқалықова, ҚР Бiлiм және ғылым министрi Аслан Сәрiнжiпов, Назарбаев Университетiнiң президентi Шигео Катсу, Беларусь Республикасының Бiлiм министрi Сергей Маскевич қатысады деп күтiлуде.

EHELF - мәндi баяндамалар ұсыну, жоғары бiлiмнiң өзектi мәселелерi бойынша пiкiрталас жүргізу және бiлiм беру жүйесiнiң жаһандық трендтерiн анықтайтын танымал алаң. Форумның шетелдiк қонақтары панельдiк сессия барысында университтердiң бизнес-табыс тәжiрибелерiмен бөлiседi.

"Биыл форум қатысушыларының арасында қазақстандық студенттер қатар шетелдiк студенттер де қатысуда. Олардың арасында Еуропалық студенттер одағының басшысы, бүкiл Еуропа студенттерiнiң мүддесiн қорғаушы, iрi парламенттiк пiкiрсайыстардың тұрақты қатысушысы Рок Приможич те бар", - делінген хабарламада.

Айта кетейiк, Жоғары бiлiм беру көшбасшыларының III Еуразиялық форумы аясында "Қазақстан Республикасында 2015-2020 жылдарға арналған бiлiм берудi реформалаудың стратегиялық бағыттарын жүзеге асыру" Жол картасының нәтижелерi ұсынылады.

III Еуразиялық форумы екі күнге, яғни 11-12 маусым аралығында өтеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны