06.06.2014, 23:16 3693

Астанада "Жолда қабылдау" акциясы өтуде

Шараның мақсаты - жол-патрульдік полицияның жол қауіпсіздігі саласындағы жұмысы жөнінде азаматтарға кеңес беру және құқықтық көмек көрсету, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы түсіндіру. Елорда тұрғындары мен қонақтары тікелей мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болады.

Алматы. 6 маусым. Kazakhstan today. Елордада Икімшілік полиция басқармасының "Жолда қабылдау" акциясы өтуде.

Шараның мақсаты - жол-патрульдік полицияның жол қауіпсіздігі саласындағы жұмысы жөнінде азаматтарға кеңес беру және құқықтық көмек көрсету, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы түсіндіру. Елорда тұрғындары мен қонақтары тікелей мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болады.

Анкеталар ҚР ІІМ Икімшілік полиция комитетінде өңделеді. Бұдан басқа, қала тұрғындары жол-патрульдік полиция көліктеріне және мобильдік пунктте орнатылған "Ағын" аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы ІІД мамандандырылған базаларындағы Жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайларын тексере алады, деп қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жоспар бойынша жылжымалы пункттер қаланың үш аумағын және Қарағанды мен Көкшетау бағытындағы "Рубеж" бақылау бекеттері жүйесін қамтиды.

"Жолда қабылдау" - "Приемная на дороге" деген жазуы бар автобустар Есіл ауданында "Думан" ОО, "Керуен" СОО, Алматы ауданында ІІБ ғимаратының жанында, Сарыарқа ауданында ІІБ вокзал маңындағы алаңда тұрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны