08.05.2009, 17:03 3277

Астанада ЖШС директоры орта мектеп ғимаратын салған кезде мемлекеттік бюджетке 500 млн астам теңгенің шығынын келтірді деп айыпталуда

Астанада ЖШС директоры орта мектеп ғимаратын салған кезде мемлекеттік бюджетке 500 млн астам теңгенің шығынын келтірді деп айыпталуда

Алматы. 8 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Астанада ЖШС директоры орта мектеп ғимаратын салған кезде мемлекеттік бюджетке 500 млн астам теңгенің шығынын келтірді деп айыпталуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Астана қалалық Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті Р есімді ЖШС директорының үстінен мемлекеттік басқарманың алдындағы орта мектеп ғимаратын салу жөніндегі мердігерлік жұмыстар бойынша жасасқан шарттық міндеттемелерін орындамай, атқарылған жұмыстардың тиісті актісіне жалған мәліметтер енгізу арқылы мемлекетке 501,3 млн теңгенің шығынын келтіргені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің алаяқтық жөніндегі 177-ші бабының 3-тармағының "б" тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны