24.02.2010, 14:08 3100

Астанадағы дәмханада болған төбелес дерегіне қатысты іс сотқа беріледі - ІІМ

Астанадағы дәмханада болған төбелес дерегіне қатысты іс сотқа беріледі - ІІМ

Астана. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Астанадағы "Мол дастархан" дәмханасында сенат депутатының ұлы Қайрат Ибдікәрімовтың себепші болуымен шыққан талқандаушылыққа қатысты іс сотқа беріледі. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазір қажетті тергеу іс-әрекеттері жүргізіліп жатыр. Ол аяқталған соң іс сотқа жіберіледі", - деді Қ. Жұманов.

Ол "қазір бұл іс министрліктің басшылығының бақылауында" деп мәлімдеді.

"БАҚ-тарда жәбірленуші Ниязовтың ішкі істер органдарының әрекетсіздігі туралы түсініктемелері шықты. Бұл - шындыққа жанаспайды", - деп мәлімдеді Қ. Жұманов.

Ресми өкіл бұл дерек бойынша ІІД қызметкерлерінің қылмыстық іс қозғағанын еске салды. Ол сонымен бірге қылмыстық істің "бұзақылық" бабы бойынша қозғалғанын нақтылап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны