30.06.2014, 22:18 3473

Астанадағы велошеруге Олимпиада чемпиондары қатысты

Велошеру көшін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов бастады. Велошеруге Серік Сәпиев, Илья Ильин, Бахтияр Артаев, Ермахан Ыбрайымов, Юрий Мельниченко, эстрада жұлдыздар, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan today. Астанада бүгін жастар арасында велоспортты дамытуға арналған велошеру ұйымдастырылды. Идеяны құп көрген Олимпиада чемпиондары да бір-бір велосипедті тізгіндеді.

Веложарыс ұзақтығы 4600 м созылды. Қатысушылар бұл қашықтықты 30 минутта еңсерді. "Салтанат сарайынан" басталған жарыс "Астана Арена" стадионының жанында мәресіне жетті. Шараға 1500 астам адам қатысты. Одан түскен барлық қарды мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты дамытуға жұмсалады, деп қала әкімдігінде хабарлады.

"Қайсар керуен" деп айдар таққан бұл веложарыс қала күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылды. Велошеру көшін Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов бастады.

"Сүйікті қаламызға көңіліміздегі махаббаты қалай көрсете аламыз?! Оның жолы көп. Бір жолы, міне, бүгін сіздер демалысқа қарамастан таңмен шығып, спорт шеруіне қатыстыңыздар. Осылайша Астанаға деген сүйіспеншіліктеріңізді көрсеттіңіздер. Ол үшін өз атымнан, Астана жұртшылығының атынан мың да бір рахметімді айтамын", - деді Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

Велошеруге Серік Сәпиев, Илья Ильин, Бахтияр Артаев, Ермахан Ыбрайымов, Юрий Мельниченко, эстрада жұлдыздар, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны