18.07.2014, 19:23 3647

Астанадағы жаңа Сот сарайында 4 сот орналасқан

Астана қаласындағы жаңа Сот сарайының құрылысы аяқталды, - деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Алматы. 18 шілде. Kazakhstan today. Астана қаласындағы жаңа Сот сарайының құрылысы аяқталды, - деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Ғимаратта 4 сот орналасқан. Олар Астана қаласы соты, Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық соты, Есір аудандық соты мен Есіл аудандық №2 соты.

Ғимарат құрылысы 2011 жылы басталған. Мұнда сот отырысының 50 залы бар. Бұл бұрынғы ғимараттағы зал санынан екі есеге артық.

Айта кету керек, Сот сарайының жаңа ғимараты заманауи дүниежүзілік талаптарға жауап береді. Бұл сот отырыстарын кедергісіз және кешіктірілмей өткізулуіне мүмкіндік береді. Жаңа ғимаратқа мамыр айында көшірілген еді.

Бұл нысан сот жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етудің заманауи талаптарына жауап береді. Барлық компьютерлер корпоративтік желіге қосылып, сот органдарының біріңғай автоматты ақпараттық-сараптамалық жүйесіне қосылған. Электронды кезек жүйесі, СМС хабарлама мен электронды пошта арқылы сот процестерінің қатысушыларының автоматты кіруіне жағдай жасалған. Залға мемлекеттік салық пен әкімшілік айыппұл төлеу терминалдары қойылған.

Сонымен қатар залдарда сот процестерінің дыбыс-бейне тіркеу құрылғылары мен бейнебақылау құрылғылары орнатылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны