15.04.2008, 16:13 3111

Астаналық тәртіп сақшылары өз ата-анасын кепілдікке алған жарымес адамды ұстады

Астаналық тәртіп сақшылары өз ата-анасын кепілдікке алған жарымес адамды ұстады

Астана. 15 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Астаналық тәртіп сақшылары өз ата-анасын кепілдікке алған жарымес адамды ұстады. Бұл туралы Астана қалалық ІІД-нің криминалдық полиция басқармасының бастығы Жанат Битенов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"13 сәуір, жексенбі күні 18 сағат 20 минутта Астана қалалық ІІД-нің шұғыл басқару орталығына Қошқарбаев көшесінде орналасқан үйде тұратын 27 жастағы Гаврилов есімді азаматтың өз ата-анасын кепілдікке алғаны туралы хабар келді", - деді Ж. Битенов.

"Тәртіп сақшылары оқыс оқиға орнын қоршауға алып, әлгімен келіссөздер жүргізе бастады. Бірақ ол әскери киім мен ақ халат киген адамдарды өзіне жолатпай, нақты талап та қоймады", -деді ол.

Басқарма бастығының айтуынша, Гавриловтың 10 жылдан бері қалалық жүйке аурулары ауруханасында "Параноидальная шизофрения" деген диагнозбен тіркеуде тұрғаны бірден белгілі болды.

"Көршілерден сұрастыру нәтижесінде күндізгі сағат 15 шамасында Гавриловтар отбасының пәтерінен күдіктінің анасының көмек сұраған айқайы естіле бастаған, оны ұлы әкесімен бірге үйге қамап, телефон сымдарын үзіп, өлтіремін деп қорқытқаны белгілі болды", - деді Ж. Битенов.

"Келіссөздерді жеңілдету үшін қылмыскерге ұялы телефон беріп, өз пәтерінің терезесінің алдына келуге мәжбүрлеген. Осы сәтте "Арлан" арнаулы бөлңмшесінің жауынгерлері пәтерге басып кірді", - деді ІДД өкілі.

Оның айтуынша, операция нәтижесінде Гаврилов бейтараптандырылып, психикалық денсаулық проблемалары жөніндегі медициналық орталықтың санитарларына табысталды.

"Қазір ол қоғамнан оқшауланып, мәжбүрлі психиатриялық ем қабылдауда. Ата-анасының түсіндіруінше, оқыс оқиғаға олардың арасындағы жаңжал себеп болған", - деді Ж. Битенов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны