01.07.2008, 13:29 1593

Астананың дамуына қосқан үлесі үшін қазақстандықтар алматылықтарға дән риза - Назарбаев

Астананың дамуына қосқан үлесі үшін қазақстандықтар алматылықтарға дән риза - Назарбаев

Астана. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Астананың дамуына қосқан үлесі үшін қазақстандықтар алматылықтарға дән риза. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін реконстукцияланған "Жастар" алаңының ашылу рәсімінде мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Алматы - біздің бұрынғы астанамыз... Алматының күшімен, осы қаланың мамандарының күшімен Астана көріктене түсуде. Сол себепті біз Алматыға ризамыз, оны ешқашан ұмытпаймыз, бағалаймыз және оның гүлдене түсуін қолдаймыз", - деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы барлық қала тұрғындары мен қала қонақтарын Астана күнімен құттықтады. "Бұл мереке - барша Астана тұрғындары мен қазақстандықтар үшін үлкен мерей", - деді президент.

"Астана күні- бүкіл ел мерекесі, сол себепті астаналықтар әрбір облыстың жаңа саябақтар, жаңа гүлзарлар, ескерткіштер мен субұрқақтар түрінде сый-сыяпат ұсынып жатқанын байқайды, ол сыйлықтар қаланың кескін-келбетін жасап, оның тұрғындарына қолайлы жағдай мен әсемдік сыйлауда", - деді президент.

Н. Назарбаевтың айтуынша, "Жастар" алаңының жаңаланған гүлзары мен оның субұрқақтары "қаланы көріктендіріп, оның тұрғындарының көз қуанышына айналмақ". Осыған байланысты президент барлық алматылықтар мен қала басшылығына алғыс білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны