05.05.2010, 14:12 3034

Астананың екі тұрғыны кісі өлтіргендерін жасыру үшін үйді өртеп жіберген

Астананың екі тұрғыны кісі өлтіргендерін жасыру үшін үйді өртеп жіберген

Астана. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Астананың екі тұрғыны екі кісіні өлтіргендерін жасыру үшін үйді өртеп жіберген. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде болған өртті сөндіру барысында пышақ жарақаттары салынған 40 жастағы үй иесі мен оның 14 жастағы жиенінің мәйіттері табылды. Кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ІІМ Криминалдық полиция комитетінің және қалалық ІІД қызметкерлері екі жергілікті тұрғынды (27 және 20 жаста) ұстады. Олар мас күйде кісі өлтіргендерін және қылмысты жасыру үшін үйді өртеп жібергендерін мойындады. Екі кісіні өлтіру оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде",- деді Қ.Жұманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны