29.05.2007, 18:44 2739

Астананың халықаралық әуежайында шекарашылар 50 мың евро контрабандасының жолын кесті

АСТАНА. 29 - мамыр. Kazakhstan Today. Астананың халықаралық әуежайында шекарашылар 50 мың евро контрабандасының жолын кесті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Астананың халықаралық әуежайында Астана - Санкт-Петербург бағытындағы № 832 авиарейсінің жолаушыларын тіркеу барысында шекарашылар Қазақстан азаматын ұстады",- деп хабарлады баспасөз қызметінедегілер. Ұсталғанның заттарын тереңірек тексеру барасында 50 мың евро көлеміндегі декларацияда көрсетілмеген валюта тәркіленген.

"Заң бұзушылық туралы қажетті құжаттар толтырылғаннан кейін ұсталған азамат сәйкес шаралар жүргізу үшін Астана қаласының кеден бақылау департаментінің контрабанда бөліміне жіберілді",- деп түсіндірді шекарашылар.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қарағанды қаласының халықаралық әуежайында валюта контрабадасының жолы кесілген. "Қарағанды - Санкт-Петербург- Мюнхен бағытындағы рейс жолаушыларын тіркеу кезінде Қазақстан азаматынан декларацияда көрсетілмеген 18 мың евро табылып, тәркіленген",- деп таап өтті баспасөз қызметіндегілер. Ұсталған азаматы Қарағанды облысының Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлеріне сәйкес шаралар қолдану үшін жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны