25.12.2007, 17:25 2889

Астананың қуат кешенінің қуаттылығын 2013 жылға қарай екі есеге дейін арттыру керек - Астана әкімі

Астананың қуат кешенінің қуаттылығын 2013 жылға қарай екі есеге дейін арттыру керек - Астана әкімі

Астана. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Астананың энергиялық көздерінің қуаттылығын 2013 жылға дейін екі есеге дейін ұлғайтып, жылу энергиясын сағатына 2600 Гкал, ал электр қуатын 720 МВт дейін жеткізу керек дегенді бүгін қалалық мәслихатының сессиясында Астана әкімі Асқар Мәмин құлағдар етті деп, хабарлайды агенттік тілшісі.

Икімнің ақпараты бойынша қажетті инвестицялар мөлшері 330 млрд теңгені құрайды.

А. Мамин хабарлағанындай, бүгінде "Степная", "Заречная", "Жұлдыз" қосалқы электр станцияларының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, "Жаңажол" қосалқы станциясынының құрылысы жүргізіліп, "ПНФ" қосалқы станциясының жөндеу жұмыстары жасалуда. 6-шақырымдық магистральдық жылу жүйесі тартылды.

2-ші ЖЭО кеңейту және қайта жөндеу аясында №6 қазандық агрегаты іске қосылып, тұрғызылған станцияның жылу қуаттылығы сағатына 210 Гигакалорияға ұлғайтылды. Ал электр қуаттылығы- 120 Мегаваттқа артты.

Сонымен қатар, 2-ші ЖЭО қайта жөндеу жұмыстарын одан әрі жалғастырылып, сағатына қуаттылығы 592 Гккал су қазандығын, үш қазандық агрегатын және екі турбоагрегат салу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны