05.05.2020, 16:48 5144

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенко бірін-бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Алматы. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь Президенті Александр Лукашенко бірін-бірі Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады.

Әңгімелесу барысында тараптар пандемияның таралуы кезінде халыққа көмек беру, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін дер кезінде қабылданған шаралар жөнінде ақпарат алмасты.

Мемлекеттер басшылары екі ел үкіметтерінің сауда-экономикалық ынтымақтастықтың оң қарқынын сақтауға және Қазақстан мен Беларусь арасындағы стратегиялық серіктестіктің барлық саласы бойынша ықпалдастықты одан әрі арттыруға бағытталған іс-қимылдарын үйлестіру туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны