Африка елдерімен ынтымақтастықты нығайту – Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыттың бірі. Біздің мемлекеттеріміз бір-бірінен алыста жатыр. Соған қарамастан, біз Тогомен тығыз қарым-қатынас жасауға дайынбыз. Бұл елдің өзара тиімді ықпалдастық орнатуға ұмтылысын толық қолдаймыз. Келесі жылы Қазақстан мен Того арасында дипломатиялық байланыс орнағанына 10 жыл толады. Осы кезеңде достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық нығая түсті. Қазір оны тың қарқынмен дамыта түсуге мол мүмкіндік бар. Жаңа ғана осы мәселені талқылап, маңызды келісімдерге қол жеткіздік. Мұның бәрі саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да саладағы байланысты жандандыруға ықпал етеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Екі ел үкіметтеріне тауар айналымын арттыру үшін нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма беруге келістік. Әсіресе, Қазақстанның Тогоға дәнді дақылды экспорттау мүмкіндігі зор екеніне назар аудардық. Еліміздің бастамасымен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы құрылғанын білесіздер. Мен Тогоны осы ұйымға мүше болуға, оның әлеуетін пайдалануға шақырдым", – деді Президент.
Мен Қазақстан кәсіпкерлері Тогоның тау-кен өндірісін зерттеуге дайын екенін атап өттім. Сонымен қатар екі елдің көлік-логистика саласындағы әріптестігі жан-жақты талқыланды. Қазақстанға Ломе портының әлеуетін қарастыру бойынша ұсыныс айтылды. Бұл теңіз айлағы қызмет ауқымы бойынша Батыс Африкада екінші орын алады. Біз өзара тиімді әріптестікті дамытуға барынша күш салуымыз керек. Сондықтан Того кәсіпкерлерін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырдым. Олар форумда Қазақстанның экономикалық әлеуетімен таныса алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұл екі халықтың бір-бірін жақын тануына мүмкіндік береді. Осы ретте Того жастарына Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алуды ұсындым. Бүгінгі қатынастарымызға тың серпін беру үшін елдеріміздің Құрметті консулдарын бекітуге келістік. Бұл келісімдер ынтымақтастықты нығайта түсері сөзсіз", – деді Президент.
Әсіресе, жаһандық және өңірлік құрылымдар аясында ықпалдастығымыз ойдағыдай дамып келеді. Қазіргі геосаяси жағдайда Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Африка Одағы сияқты құрылымдар арқылы өзара қолдау көрсету және консультациялар өткізу аса маңызды", – деді Мемлекет басшысы.
300 миллионнан астам халқы бар Батыс Африка елдерімен тауар айналымын жолға қойған Того қазақстандық инвесторлардың қызығушылығын туғызады деп ойлаймын. Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығымыз дамып келе жатқаны қуантады. Бүгінде сіздің елдің Тогоға астық жеткізу мүмкіндігі мол. Қазақстан цифрландыру саласында айтарлықтай жетістікке жетіп отыр. Біз де өз елімізде цифрландыру жобаларын іске асырып, осы бағыттағы ынтымақтастықты жолға қоюға ниеттіміз. Бұл тұрғыдан сіздерден үйренеріміз көп", – деді Того Президенті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.