17.09.2012, 13:43 3724

Атырау қалалық полициясында түнде болған атыста екі адам жарақаттанды

ҚР Ішкі істер министрлігі бүгін түнде Атырау қалалық полиция бөліміне жасалған шабуылға қатысты ресми ақпарат таратты.

Астана. 17-қыркүйек. Kazakhstan Today - Атырау қалалық полициясында түнде болған атыста екі адам жарақаттанды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігі бүгін түнде Атырау қалалық полиция бөліміне жасалған шабуылға қатысты ресми ақпарат таратты.

"15 қыркүйек күні сағат 23:52-де Атырауда, Исатай-Махамбет алаңында қалалық Ішкі істер басқармасының қызметкеріне белгісіз екі адам оқ атып, оған бытыралы оқ жарақатын салды. Осыдан кейін полиция қызметкері табельдік қаруын қолданғаннан кейін, олар оқиға орнынан бой тасалады. 15 қыркүйек күні сағат 00:10-да белгісіз екі адам Атырау қалалық Ішкі істер басқармасына кіруге ұмтылды. Олар жанғыш қоспасы бар бөтелкені бақылау-өткізу бекетіне қарай лақтырып, әскери қызметшілерге қарата оқ атты",- делінген хабарламада.

Ведомствоның атап өтуінше, полиция қызметкері тарапынан оқ атылғаннан кейін қылмыскерлер қашып кеткен. 5546 әскери бөлімінің бір әскери қызметшісі бытыралы оқ жарақатын алды. Зардап шеккен қызметкерлер қазіргі уақытта ауруханада, олардың жағдайлары қанағаттанарлық. Қаза тапқандар жоқ.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қылмыскерлерді анықтау және оларды тұтқындау бойынша жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны