04.02.2013, 17:04 2796

Атырау облысы әкімінің орынбасары Ибдіров ұсталды

"Ибдіровқа, 2010-2011 жылдар аралығында, жергілікті атқарушы орган отырысының қарауына шығармастан, теңгерімдік құны 275 млн теңгеден асатын "Атырау Ақпарат" КМК баспаханасын жекешелендіру және теңгерімдік құны 650 млн теңге үшін 19,5 млрд теңге Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы газ құбырлары мен олардың құрылыстарын жекешелендіру туралы облыс әкімдігінің қаулысына қол қойды деген айып тағылуда", - делінген хабарламада.

Атырау. 4-ақпан. Kazakhstan Today - Қаржы полициясы агенттігі Атырау облысы әкімінің орынбасары Асқар Ибдіровті қолға түсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде Қаржы полициясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қаржы полициясы агенттігінің жедел-тергеу тобы коммуналдық меншік нысандарын жекешелендіру кезінде қызметтік лауазымын асыра пайдаланды деген айыппен Атырау облысы әкімінің орынбасары Асқар Ибдіровты қамауға алды. "Ибдіровқа, 2010-2011 жылдар аралығында, жергілікті атқарушы орган отырысының қарауына шығармастан, теңгерімдік құны 275 млн теңгеден асатын "Атырау Ақпарат" КМК баспаханасын жекешелендіру және теңгерімдік құны 650 млн теңге үшін 19,5 млрд теңге Атырау қаласы мен облыс аудандарындағы газ құбырлары мен олардың құрылыстарын жекешелендіру туралы облыс әкімдігінің қаулысына қол қойды деген айып тағылуда", - делінген хабарламада.

2013 жылғы 31 қаңтарда Ибдіров қолға түсіп, 2 ақпанда сот санкциясымен үй қамаққа алынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны