18.02.2013, 13:10 3357

Атырау облысында бес мұнай компаниясының басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылды

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жергілікті экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің ақпараты бойынша (қаржы полициясы) бес ЖШС - "Petroline", "Спаргалис Массагет", "Мақат Мұнай Өнімдері", "Альтаир және К" мен "Альфа-2011" компанияларының басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Астана. 18-ақпан. Kazakhstan Today - Атырау облысында бес мұнай компаниясының басшылары қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, жергілікті экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің ақпараты бойынша (қаржы полициясы) бес ЖШС - "Petroline", "Спаргалис Массагет", "Мақат Мұнай Өнімдері", "Альтаир және К" мен "Альфа-2011" компанияларының басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Қаржы полициясы оларды ҚР ҚК 183-1-бабы 2-бөлімімен қарастырылған "Мұнай және мұнай өнімдерінің шығарылуының заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды ірі мөлшерде тасымалдау, иелену, өткізу, сақтау, сондай-ақ мұнайды өңдеу" қылмысына айыптап отыр. Аталған баптық резолютивтік бөлімі 5 жылдан 8 жалға дейінге жаза мерзімін қарастырады.

Тергеу болжамы бойынша, аталған бес компанияның басшысы "Қазақмыс Петролеум" ЖШС-ның жасанды құжаттарын пайдаланып, 2012 жылғы шілде-қыркүйек аралығында жалпы сомасы 184 млн теңге болатын мұнай және мұнай өнімдерін иелену, іске асыру және тасымалдаумен айналысқан. "Теріс" мұнайдың бөлігі Атырау мұнай өңдеу зауытына апаратын теміржолда анықталды.

Айта кетерлігі, мұнайлы өңірдің қаржы полициясы қаржы-экономикалық салада жасалған 204 қылмысты анықтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны