23.09.2009, 13:56 2763

Атырау және Ақмола облыстарында заңсыз балық аулаған тәртіп бұзушылар ұсталды

Атырау және Ақмола облыстарында заңсыз балық аулаған тәртіп бұзушылар ұсталды

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Атырау және Ақмола облыстарында заңсыз балық аулаған тәртіп бұзушылар ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ Икімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Ақмола облысының Зеренді көлінде "Көкшетау" ұлттық паркінде заңсыз балық аулағаны үшін Көкшетау қаласының тұрғыны ұсталды, одан 135 дана әр түрлі тұқымдас балық, балық аулау құралдары мен пластикалық қайық тәркіленді. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп, Қазақстан Республикасы ҚК-нің "Заңсыз балық аулағаны үшін" деген 287-бабы бойынша қылмыстық іс қозғау жөніндегі мәселе шешілуде".

Сондай-ақ, ІІМ ақпаратына сәйкес, Атырау облысында қабылдаған шаралардың нәтижесінде заңсыз балық аулағаны және балық өнімдерінің заңсыз айналымы үшін 31 тәртіп бұзушы ұсталды, олардан 2,8 тонна балық, 15 балық аулау құралдары тәркіленді. 6 қылмыстық іс қозғалды, 16 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны