09.11.2009, 17:23 3051

Атырауда 8 жасар қыз баланы зорламақ болған күдікті қолға түсті - ІІД

Атырауда 8 жасар қыз баланы зорламақ болған күдікті қолға түсті - ІІД

Атырау. 9 қараша. Kazakhstan Today - Атырауда 8 жасар қыз баланы зорламақ болған күдікті қолға түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтароваға сілтеме жасап.

"Өткен сенбі қарашаның 7 күні шамамен 17 сағат шамасында Атырау қаласының шетінде орналасқан кенттегі үйлердің бірін бұза жара кірген мас азамат үйде қалған 8 жасар жасөспірім қыз балаға күш қолданып, зорламақ болған.

"Ізін суытпай" облыс ішкі істер департаменті мен қалалық ішкі істер басқармасының криминалды полиция қызметкерлері қылмысқа қатысты 36 жастағы Атыраулық күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі кезде күдікті уақытша оқшаулау орынында қамауда отыр",- деді ол.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Ішімдік ішіп алып, бөтеннің үйіне түсіп, онымен қоймай жас баланы зорламақ болған күдіктіге қатысты Қазақстан республикасы Қылмыстық Кодексінің екі бірдей баптарымен /145-ші және 120-шы/ қылмыстық іс қозғалып, тергеумен ІІД Тергеу басқармасы айналысуда".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны