14.04.2014, 19:07 3051

Атырауда этномәдени ұйымдарға арналған дөңгелек үстел өтті

"Бұған дейін облыс орталығынан "Достық үйін" салу мәселесі көтеріліп келген болатын. Қазір құрылыстың жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда. Келесі аптада құрылыс жұмыстарын жүргізуге тендер жарияланбақшы. Қыркүйек айында "Достық үйін" пайдалануға береміз деп ойлаймын", - деді облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.

Алматы. 14 сәуір. Kazakhstan today. Атырауда этномәдени ұйымдарға арналған дөңгелек үстелде этномәдени бірлестіктердің жағдайы талқыланды.

"Бұған дейін облыс орталығынан "Достық үйін" салу мәселесі көтеріліп келген болатын. Қазір құрылыстың жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда. Келесі аптада құрылыс жұмыстарын жүргізуге тендер жарияланбақшы. Қыркүйек айында "Достық үйін" пайдалануға береміз деп ойлаймын", - деген облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов сессияға аттанғалы отырған атыраулық этно-мәдени бірлестіктер басшыларына ақ жол тіледі.

Бұл басқосуда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында берген тапсырмалары мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері, қол жеткізген жетіс-тіктер мен алға қойылған мақсаттар сөз болды.

Аймақ басшысының айтуынша, үлкен жетістіктер мен табыстарға қол жеткізуге қоғамдағы татулық, ұлтаралық келісім мен ынтымақтастық үлкен септігін тигізді.

Этно-мәдени бірлестіктер өкілдерімен тығыз байланыс, пікір алмасу халық арасындағы достықты одан әрі нығайта түсті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны