01.11.2006, 09:07 2474

Атырауда қарулы шабуыл арқылы 7,8 млн. теңгені жымқырып кеткен қылмыскерлер қолға түсті

АСТАНА. 1 қараша . Kazakhstan Today. Атырауда "Дана" ЖШС кассиріне жасалған қарулы шабуылдың беті ашылды. Қылмыскерлер 7,8 млн. теңгені қолды еткен болатын. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне ҚР ІІМ криминалды полиция Комитетінен хабарлаған.

Полиция қызметкерлерінің мәліметтері бойынша, ЖШС кассиріне және оның жанындағы екі күзетшісіне 25 қазан күні қарулы шабуыл жасалған. "Шабуыл нәтижесінде қылмыскерлер 7 млн. 800 мың теңгені алып кеткен",-деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы күзет фирмасының ауысым бастығы мен оның үш серіктесі ұсталды. Олар Атырау облысының тұрғындары. "Қолға түскендерден заттай айғақ- 6 млн. теңге көлеміндегі ұрланған ақша табылды",-дейді ІІМ өкілдері.

Қазіргі кезде, полицейлер қылмысқа қатысы бар бесінші қылмыскерді -"Риверсайд" ЖШС күзет фирмасының қызметкерін іздестіруде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны