10.09.2012, 13:42 3288

Атырауда лаңкестік топ құрмақ болған 4 күдікті ұсталды

"Атырау қалалық соты" лаңкестік топқа қатысы бар және оны құрмақшы болған 4 күдіктіні қамауға алуға санкция шығарды.

Атырау. 10-қыркүйек. Kazakhstan Today - Атырауда лаңкестік топ құрмақ болған 4 күдікті ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Атырау қалалық соты" лаңкестік топқа қатысы бар және оны құрмақшы болған 4 күдіктіні қамауға алуға санкция шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Олардың екеуі - Атырау қаласының тұрғыны, біреуі - Атырау облысына қарасты Жылыой ауданының және соңғысы Маңғыстау облысының тұрғындары. Сот оларды қамауға алу жөнінде санкцияны 2 айға берді. Ұсталғандарға ҚР ҚК-нің 233-бабының 2 бөлімі "б" тармағы және 24 бабының 1 бөлімі бойынша айып тағылуда, - деді облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, 5 қыркүйекте Атырауда жас жігіт қолдан жасалған жарылғыштан қаза тапты. Ол небәрі 21-де болатын. Көршілердің сөзіне қарағанда, оның артында әйелі мен баласы қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны