02.07.2008, 17:43 1487

Атырауда жеке меншік авто жанармай құю бекеттерінде жанар-жағармайға қатысты айла-шарғылар анықталды

Атырауда жеке меншік авто жанармай құю бекеттерінде жанар-жағармайға қатысты айла-шарғылар анықталды

Атырау. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Атырауда жеке меншік авто жанармай құю бекеттерінде жанар-жағармайға қатысты айла-шарғылар анықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Атырау облыстық ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, автокөлік иелеріне жанармайды толық құймай, "үнемделген тауарды" сату есебінен кәсіпорын директоры қосымша пайда тапқан. Осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 223-бабы (тұтынушыны ірі көлемде алдау") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Жанар-жағармай сататын жеке меншік кәсіпорынның атыраулық филиалының директоры қарамағындағыларға жанар-жағармай станциясындағы отын таратушы колонка аппаратурасының нормативтік стандарт талаптарына сәйкес білгеленген көрсеткіштерін өзгертуге нұсқау берген. Жалпы алғанда бұл ЖШС-інде Атырау қаласы бойынша 17 жанармай тарату станциясы бар. Нәтижесінде, тұтынушыларға сатылған әрбір 20 литр жанар-жағармайдан шамамен әрбір отын түрі бойынша 120-200 грамм жанармай кем құйылып отырған", -делінген хабарламада.

Бұл деректі құқық қорғау органдары "Ұлттық сараптама және сетификаттау орталығы" АҚ-ның Атырау филиалының мамандарын тарта отырып жүргізген шұғыл тергеу шаралары барысында жанармай тарату станцияларында бақылау өлшеулерін жүргізген кезде әшкереленді. Мамандар отынның кем құйылып келгенін растады.

ҰҚКД анықтағанындай, "осындай айла-шарғылардың көмегімен филиал басшысы ай сайын әрбір отын түрінен 4 - 6 тонна үнемдеп, оны әріқарай қолма-қол ақшаға сатып отырған". Сонымен бірге, шамамен 6 тонна АИ-93 маркалы жанармайды тиісті құжаттарсыз Атырау облысындағы бір жеке меншік жанармай тарату станциясына жіберу дерегі анықталып, құжат бетіне түсірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны