25.09.2020, 23:22 9443

Атырау гарнизонында әскери барлаушылардың оқу-жаттығуы басталды

Атырау облысында барлау бөлімшелерінің тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары өтуде. Оған 500-ге жуық әскери қызметші мен 80 бірлік жауынгерлік техника жұмылдырылды.

Алматы. 25 қыркүйек. Kazakhstan Today - Атырау гарнизонында әскери барлаушылардың оқу-жаттығуы басталды.

Атырау облысында барлау бөлімшелерінің тактикалық-арнайы оқу-жаттығулары өтуде. Оған 500-ге жуық әскери қызметші мен 80 бірлік жауынгерлік техника жұмылдырылды.

Тәжірибелік іс-қимылдар, гарнизондағы әскери бөлімдерінің бірін жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіруден басталды. Бөлімшелер тағайындалған ауданға марш жасап, барлау-іздестіру іс-қимылдарын жүргізуге кірісті.

"Жауынгерлік жағдайға жақын жағдайларда барлау-іздестіру жасақтарын ауыстыру әуе тәсілімен, жоғары өтімді автомобиль техникасымен және жүзу құралдарын қолданумен жүзеге асырылды", - дейді бөлім командирі подполковник Есболат Нұрекешев.

Сценарий бойынша жеке құрам, шартты қарсыластың диверсиялық-барлау топтарының қозғалу бағыттарындағы барлау-торуыл әрекеттерін көрсетеді. Әскери қызметшілер ұшқышсыз ұшу аппараттарын, сондай-ақ армия авиациясының Ми-8 тікұшақтарын қолдану арқылы міндеттерді орындауда.

Оқу-жаттығу аяқталғанға дейін әрбір әскери қызметші салмағы 20 келіге жуық киім-кешекпен 50 шақырымнан астам қашықтықты бағындыруы тиіс. Оқу полигоны ауданында жоғары шаңдану және ауа температурасының төмендеуі міндеттерді орындауды біршама қиындатады.

Барлау бөлімшелерінің тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өткізіліп, оқытудың негізгі және неғұрлым тиімді нысаны болып табылатынын айтып өту қажет.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны