14.11.2019, 19:57 18139

Атырау облыстық "Шәріпов атындағы Доссор мектеп-интернаты" ММ-нің директоры бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталды

Олар бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Қызметкерлердің шотына артық мөлшерде жалақы аударып келген. Кейіннен сол қаражатты жинап алып, өздерінің жеке қажеттіліктері үшін жұмсаған.

Алматы. 14 қараша. Kazakhstan Today - Атырау облыстық "Шәріпов атындағы Доссор мектеп-интернаты" ММ-нің директоры бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталды.

Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысына күдікті ретінде "Шәріпов атындағы Доссор мектеп-интернаты" ММ-нің директоры Б.Бұйрашева, шаруашылық мәселелері жөніндегі директор орынбасары Г.Күбиева мен сол мемлекеттік мекеменің бас есепшісі Б.Файзуллинаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Олар бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Қызметкерлердің шотына артық мөлшерде жалақы аударып келген. Кейіннен сол қаражатты жинап алып, өздерінің жеке қажеттіліктері үшін жұмсаған.

Сонымен қатар, Б.Бұйрашева өзінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, "ҚАЖ" және "Мәженов" жеке кәсіпкерлерімен генератор және жылыту қазандығын жеткізуге келісім жасасып, техникалық сипаттамаларға сәйкес келмейтін және толық көлемде емес тауарларды қабылдаған. Келтірілген шығын 3,5 миллион теңгені құрады (өтелді).

Ағымдағы жылдың 12 қарашасында Мақат аудандық сотымен Б.Бұйрашеваға 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, ал Г.Күбиеваға 2 жылға және Б.Файзуллинаға 1 жылға бас бостандықтарына шектеу қойылды.

Бұл тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны