26.10.2020, 18:26 5088

Атырауда "Қарулы Күштері - Адалдық Алаңы" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсесі ашылды

Жобалық кеңсенің механизмі бойынша, азаматтар туындаған сұрақтарымен келген кезде кезекші келушіні тікелей қабылдауды жүзеге асыратын кеңсе басшысына хабарлайды. Қажет болған жағдайда, мәселені шешу үшін жобалық топтың тиісті мамандарын шақырады.

Алматы. 26 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының жолдауын іске асыру, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жою мақсатында Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінде "Қарулы Күштері - Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесі ашылды.

Жобалық топтың құрамына әскери есепке алу, шақыру, кадр жұмысы және қаржы қызметі мәселелері бойынша департаменттің әскери қызметшілері мен азаматтық персонал мамандары кірді.

Жобалық кеңсенің механизмі бойынша, азаматтар туындаған сұрақтарымен келген кезде кезекші келушіні тікелей қабылдауды жүзеге асыратын кеңсе басшысына хабарлайды. Қажет болған жағдайда, мәселені шешу үшін жобалық топтың тиісті мамандарын шақырады.

"Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі Департаментіндегі жобалық кеңсе қазіргі уақытта қызу түрде жұмысын атқаруда. Кеңсе құрамына негізгі мәселелер бойынша лауазымдық тұлғалардың қатысуы қарастырылған. Олар Атырау облысының тұрғындарына әскери тақырыптағы сұрақтарға жедел, уақытылы және шынайы жауап беруге дайын", - деді жобалық кеңсенің басшысы, Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары капитан Жасұлан Сатбалдиев.

Жобалық топ азаматтардың мәселелерін шешу үшін жан-жақты шаралар қабылдайтын болады. Жұмыстың тиімділігі мекеме бастығына жазбаша өтініш беру, бағынысты біріккен басқармалармен, басқа органдармен және мекемелермен хат алмасу қажеттілігін жояды. Осылайша, қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасы артады.

Айта кетсек, "Қарулы Күштері - Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің жұмыс істеуі бекітілген "Адалдық алаңы" жобасының жарғысына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылатын болады. Келушілерді қабылдау жұмыс күндерінде сағат 9-дан 18.00-ге дейін жүзеге асырылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны