09.04.2020, 14:45 8768

Атырауда еріктілер арнайы жиындарға қатысуға ниет білдіруде

Үш жүзден астам қордағы әскери қызметшілер мен еріктілер Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі ведомстволарына арнайы жиынға қатысу үшін өтінімдер білдірді.

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Атырауда еріктілер арнайы жиындарға қатысуға ниет білдіруде.

Үш жүзден астам қордағы әскери қызметшілер мен еріктілер Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі ведомстволарына арнайы жиынға қатысу үшін өтінімдер білдірді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әскери қызметшілерді арнайы оқу-жаттығу жиындарына шақыру туралы" Жарлыққа қол қойғаннан кейін, Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі басқармаларына ерікті азаматтар ағыла келе бастады.

Тіркелген әскери қызметшілер блокпосттарда қызмет жасауға, қала объектілерін патрульдеуге немесе маңызды нысандарды дезинфекциялауға дайын екендіктерін мәлімдейді. Алайда, қазіргі уақытта олардың барлығы тек қана кандидат есебінде қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, өңірде еліміздің жас және белсенді азаматтары #Елтірегі челленджіне белсенді ат салысып, әлеуметтік желілердегі бейнероликтерде өздерінің патриоттық бастамаларын іс жүзінде дәлелдеуге әзір екендіктерін айтуда.

"Менің ойымша қазіргі уақытта еліміздің әрбір ер азаматы Қазақстанның болашағы үшін өз септігін тигізу қажет. Осы оймен мен арнайы жиынға қатысуға дайын екендігімді білдіремін және барлығын іс-шарадан тыс қалмауға шақырамын" - дейді еріктілердің бірі Әуез Азамат.

Қорғаныс істері жөніндегі Департаменттерде оларға Елбасының Жарлығы толықтай түсіндіріліп, жиынға қатысудың шарттарын айтып беруде. Осы мақстатта, әскерилер арнайы Колл-орталығында ашыпты. (Атырау облысы бойынша 8 (7122) 32-32-21)

"Қазақстан Республикасының қорғаныс және Қарулы күштері туралы" Заңның 1-бабының 6) тармағына сәйкес, төтенше жағдайды қамтамасыз ету үшін аумақтық күштерді шақыру Қарулы Күштердің Бас штабымен келісе отыра, жергілікті әкімдіктердің қаулыларымен арнайы жиындарға шақыру арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдар әскери қызметке жарамды тұлғалардың санын және қажеттілікке, әр облыстағы ағымдағы және болжамды жағдайға байланысты арнайы жындардың мерзімі мен оған қажет адамдар санын анықтайды", - деді Атырау облысы қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының орынбасары капитан Жасұлан Сатбалдиев.

Арнайы жиын кезінде шақырылған азаматтар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі мәртебесін алады және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңға сәйкес оларға барлық әлеуметтік жеңілдіктер қолданылады. Атап айтқанда, медициналық көмек, киіммен және тамақпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, әскери дайындық кезеңінде әскери қызметке жарамды адамдар жұмыс орнын және лауазымын сақтайды, оларға орташа жалақы төленеді, ал жұмыс істемейтін адамдарға мемлекет есебінен ең төменгі жалақы мөлшері 42 500 теңге тқленетін болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны