02.05.2025, 18:26 85541

Ауыр салмақты автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау күшейтілді

Ауыр салмақты автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау күшейтілді
ҚР КМ автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті ауыр салмақты автокөлік құралдарының қозғалысын бақылауды күшейтті. Бұл шара жолдардың мерзімінен бұрын тозуын алдын алуға және елордада жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында жүзеге асуда, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің баспасөз қызметінен.

Көліктік бақылау жұмысын атқару үшін 6 жылжымалы бекет пен 40-қа жуық инспектор жұмылдырылды. Көліктік бақылау инспекторлары 2025 жылғы 7 наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ауыр салмақты автокөлік құралдарының қозғалысын бақылауды күшейтті. Бұл шара биылғы жылдың қыркүйегіне дейін жалғасады. Алдағы уақытта дәл осындай жұмыс еліміздің барлық өңірлерінде басталмақ.

Бақылау жұмысы жылжымалы бекеттер мен арнайы автоматтандырылған өлшеу станциялары арқылы қаланың негізгі кіреберіс жолдарында жүзеге асырылып жатыр. 1400-ден астам жүк көлігі тексеріліп, 600-ден хаттама толтырылды",- деп атап өтті мамандар.


Рұқсат етілген нормадан тыс жүк тасу жолдардың мерзімінен бұрын тозуына әкеледі. Белгіленген жүк параметрлерін қатаң сақтау қажет.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны