01.12.2025, 14:16 42001

Ауыз су, жылу желілері, автожол: қандай жұмыстар атқарылды

Жыл соңына дейін 13,9 млрд теңгеге 24 ауылдық елді мекен және Тараз, Шу, қалаларының 9 тұрғын алқабы ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 100%-ға дейін жеткізілмек. Газдандыру аясында облыстың 6 ауданында 20,5 млрд теңгеге 14 жоба іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз қызметінен.

Биыл Тараз қаласында М-1 негізгі жылу магистралін жаңғырту және жаңа мөлтек ауданында жылу желілерін кеңейту бойынша жұмыстар аяқталды. Қаратау қаласында мазут шаруашылығы және орталық қазандықтар қайта жаңғыртудан өтті. Сонымен қатар, Тараз қаласында М-3 жылу желілерін жаңарту жүргізіліп, жоспарланған 1,4 шақырымның 50%-ында жұмыстар аяқталды. Келесі жылы толық аяқтаймыз", - деді өңір әкімі Ербол Қарашөкеев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


Автожол саласында 182 жобаны іске асыруға 28 млрд теңге бөлініп, құрылыс, қайта жаңғырту және жөндеу жұмыстарымен 460,2 шақырым жол қамтылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны