14.11.2024, 15:30 94656

Қазақстан 2026 жылы Өңірлік Климаттық саммит өткізеді

2024 жылғы 13 қарашада Әзербайжанның астанасы Баку қаласында БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясында (СОР29) Qazaqstan павильонында "Климаттық диалог: 2026 жылғы өңірлік rлиматтық саммитке барар жолда" атты алғашқы іс-шара өтті. Сессияға Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев, Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы қоршаған ортаны қорғау Комитетінің төрағасы Б. Шерализ, Президент Кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі З. Сүлейменова, сондай - ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері Ф.Лапекорелла - ЭЫДҰ Бас директорының орынбасары, Т. Еріксон - Жасыл климаттық қордың Орталық Азия бойынша өңірлік директоры, И. Старрост - GIZ жобалық менеджері, Қ. Әбуов - Климаттың өзгеруі саласындағы өңірлік ынтымақтастықтың перспективаларын талқылау үшін Азия даму банкінің жобалық менеджері қатысты.

Аймақтық Климаттық саммит климаттың өзгеруіне қарсы күрес бойынша бірлескен стратегиялар мен шешімдерді әзірлеуге арналған алаң болады. Қазақстан ашық және сындарлы диалог үшін жағдай жасауға, сондай-ақ озық тәжірибелер мен инновациялармен алмасуға жәрдемдесуге ұмтылады.

Саммитті өткізу бастамасын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында жариялады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Министр өз сөзінде климаттық өзгерістер ұжымдық және үйлестірілген тәсілді талап ететінін атап өтті. "Климаттың өзгеруі шекараны білмейді. Біз барлығымыз осы жаһандық сынақпен күресу үшін күш біріктіруіміз керек", - деп атап өтті ол.

Министр сондай-ақ халықаралық серіктестерге алғыс білдіріп, олардың Климаттық бастамаларды табысты іске асырудағы және Саммит өткізудегі маңызды рөлін атап өтті. Өз кезегінде халықаралық ұйымдар қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Аймақтық Климаттық саммит - климаттық сын-қатерлермен күресуге көмектесетін тиімді және бейімделгіш шешімдерді әзірлеуге бағытталған Климаттық саясат саласындағы ынтымақтастықтың жаңа дәуірінің басталуы.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны