21.09.2023, 16:04 21981

Қазақстанға биыл жазда жарты миллионға жуық шетелдік турист келді

Шетелдіктер ең көп келген өңір Алматы қаласы
Қазақстанға биыл жазда жарты миллионға жуық шетелдік турист келді
Сурет: Depositphotos
Биыл жаздың үш айында елімізге 448 мың шетелдік турист келді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінен.

Шетелдіктер ең көп тоқтаған өңірлердің көшін Алматы қаласы бастап тұр. Оңтүстік астанамызға 139 мыңнан астам турист келген. Ал, екінші орында Астана қаласы. Елордаға жазғы маусымда 68 мың шетелдік қонақ тоқтаған. Үздік үштікті Алматы облысы түйіндейді. Мұнда 34 мыңға жуық шетелдік саяхаттап келген.
 
Еліміздің батысы да шетелдіктер жиі баратын өңір саналады. Мәселен, жаздың үш айында Маңғыстау облысына 28 мыңнан астам шетел азаматы келсе, Атырау облысына 25 мыңнан артық шетелдік турист тоқтаған.

«Сондай-ақ Ақмола облысына 21 мыңға жуық, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облыстарына 14 мыңнан астам шетелдік турист келген. Жалпы алғанда, жыл басынан Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 1,8 есе артып отыр. 2023 жылдың соңына дейін елімізге 1,4 млн шетелдік турист келеді деп болжануда»,- деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны