08.05.2025, 14:24 151411

Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті

Қазақстан Алматы-Қорғас автожолы туралы іс бойынша халықаралық сотта жеңіске жетті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметінен.

2020 жылғы 15 мамырдағы "Todini Impregilo Kazakhdorstroy" бірлескен кәсіпорын (бұдан әрі - Талапкер) шеңберінде жұмыс істейтін Todini Costruzioni Generali S.p.A., WeBuild S.p.A. және "Казахдорстрой" ЖШС компанияларынан тұратын бірлескен кәсіпорын Халықаралық сауда палатасы (ICC) жанындағы Халықаралық төрелік сотқа Қазақстан Республикасында Алматы - Хоргос автожолын салу жобасы бойынша дауларға байланысты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне (бұдан әрі - Комитет) қарсы төрелік туралы өтініш берді.

Істі қарау шеңберінде Талапкер Комитетке құрылыс мерзімдерін ұзартуға, кедендік баждар мен салықтарды төлеуге, теңгенің инфляциясына, құнының өзгеруіне, су өткізгіш трубаларды қайта толтыруға, жол пайдалану пунктінің құрылысын тоқтатуға және қаржылық шығындарға байланысты шығыстарды қоса алғанда, жалпы сомасы шамамен 50 миллион АҚШ доллары көлемінде шағым түсірді.

2025 жылғы 14 сәуірде Париждегі ICC Халықаралық төрелік сотында құрылған Трибунал Комитеттің пайдасына түпкілікті шешім шығарды. Талапкерлердің барлық талаптары толығымен қабылданбады.

Сонымен қатар, Трибунал Комитеттің қарсы талабын қанағаттандырып, Талапкерлерге жұмыс мерзімін ұзартқаны үшін өтемақы ретінде бұрын төленген соманы қайтаруға міндеттеді. Сондай-ақ, Трибунал Комитет жеңіске жеткен тарап ретінде өзінін сот және төрелік шығындарын толық өтеуге құқылы екенін мойындады.

Осы істі Комитеттің өкілдігі мен мүдделерін қорғауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жүзеге асырды. Консультант ретінде Curtis, Mallet-Prevost, Colt & Mosle LLP халықаралық заң фирмасы тартылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны