05.05.2025, 17:40 86961

Қазақстан деректер ашықтығы жөніндегі ODIN халықаралық рейтингінде 44-ші орынға көтерілді

Қазақстан деректер ашықтығы жөніндегі ODIN халықаралық рейтингінде 44-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды QazStat баспасөз қызметінен.

Қазақстан деректер ашықтығының Open Data Inventory (ODIN) әлемдік рейтингінде 51-ші орыннан 44-ші орынға дейін көтеріліп, өз позициясын жақсартты (2020 жылы - 187 елдің ішінде 54-ші, 2022 жылы - 195 елдің ішінде 51-ші орын).

2024 жылы Қазақстанның жалпы балы 100-ден 72-ні құрады, рейтингте ресми статистиканың негізгі секторлары бойынша деректер ашықтығы мен қамтылу дәрежесі бағаланды. Қазақстан "қамту" индикаторы бойынша ерекше жоғары нәтиже көрсетті, 198 ел арасында 14-ші орын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны