16.04.2020, 16:44 6158

Қазақстан мен РФ экологтары Орал өзенін сауықтыру жөнінде сарапшылық кеңес құрады

"Бұл жұмыстар ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша жүргізілуде. Атқарылатын істерді қазақстандық-ресейлік салалық комисия шеңберінде жандандыру келісілді", - деп атап өтті Қазақстанның Экология министрі.

Алматы. 16 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстан мен РФ экологтары Орал өзенін сауықтыру жөнінде сарапшылық кеңес құрады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев сәрсенбіде ресейлік әріптесі - РФ Табиғи ресурстар және экология министрі Д. Кобылкинмен бейнебайланыс арқылы кеңес өткізді. Бұл туралы М.Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, тараптар трансшекаралық су нысандары жөніндегі ынтымақтастық мәселесін талқылаған.

"Орал өзенін сауықтыру жөнінде сарапшылық орган құру туралы шешім қабылдаудың сәті түсті. Бұл ретте ғалымдар өзеннің экожүйесін сауықтыру және су арнасын болжамдау жөніндегі екі мәселе бойынша жұмыс істейді. Органның құрамын 20 сәуірге дейін анықтау келісілді", - деп жазды М.Мырзағалиев.

Министрдің деректері бойынша, сондай-ақ Жайық және Ертіс өзендерін эко-сауықтыру бағдарламасын, Жайық өзенінің гидрологиялық режімін тексеру мәселесін талқылаудың сәті түскен.

"Бұл жұмыстар ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша жүргізілуде. Атқарылатын істерді қазақстандық-ресейлік салалық комисия шеңберінде жандандыру келісілді", - деп атап өтті Қазақстанның Экология министрі.

"Бұл уағдаластықтар біздің елдеріміздің су шаруашылығындағы ынтымақтастықты жандандырып, трансшекаралық су нысандарының эко-ахуалын жақсартуға арналған", - дейді М.Мырзағалиев.

Бұдан басқа, тараптар ҚР мен РФ 17- аймақаралық ынтымақтастық форумының шеңберінде қол қою жоспарланып отырған екіжақты құжаттардың жобасын талқылап, оларды келісу процесін жеделдетуге уағдаласты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны