04.12.2023, 12:00 26126

Қазақстан мен Өзбекстан трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқаруды талқылауда

2023 жылғы 19 желтоқсанда келісілмеген мәселелер бойынша өзара ыңғайлы шешімдер қабылдау үшін салалық министрлердің келіссөздері өтеді деп күтілуде
Кооперациялық жобаларды іске асыру барысына мониторинг жүргізу және импортты алмастыру бойынша жүйелі түрде жұмыс істеу жөніндегі жұмыс тобының төртінші отырысы өтті. Бейнеконференция байланысы режимінде Қазақстан мен Өзбекстан Премьер-Министрлерінің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Жамшид Ходжаевтың басшылығымен тараптар Мемлекет басшысының 2022 жылғы желтоқсандағы Өзбекстанға сапарының қорытындысы бойынша қабылданған құжаттардың орындалуын қарады, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен.

Атап айтқанда, Инвестициялық келісімдер мен сауда-саттық келісім-шарттарын іске асыру жөніндегі жол картасы аясында 20 инвестициялық жобаны және 5 сауда келісім-шартын орындау жоспарланған.

Кеңесте тараптар "Орталық Азия" халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығын құру жобасы бойынша жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат берді. Бүгінгі таңда ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды қабылдау рәсімдері аяқталды, 2023 жылғы 9 қарашада Ташкент қаласында Кооперация орталығының қызметін реттеу туралы келісімге қол қойылды. Келесі кезең жобаның ТЭН-ін әзірлеуге қатысты мәселелерді қарауды қамтиды.

Жұмыс тобының мүшелері сауда-саттықтағы кедергілерді жою шараларын талқылады. Атап айтқанда, қазақстандық тарап Өзбекстанға жеткізу және өнімнің кейбір түрлерін өндіру кезінде акциздік салық мөлшерлемелерін біріздендіру процесін жеделдету қажеттігін атап өтті. Қатысушылар нақты ұсыныстар әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобын құруға келісті.

Қазақстан мен Өзбекстан өкілдері еркін сауда режимінің тиімді жұмыс істеуі үшін тиісті екіжақты құжатқа қол қою арқылы тауарлардың қай елде шығарылғанын анықтаудың бірыңғай тәртібін пайдалану мүмкіндігін зерделеуге келісті.

Сонымен қатар тараптар жаңа көлік дәліздерін қалыптастыру, сондай-ақ екіжақты және транзиттік тасымалдар үшін қолайлы жағдай жасау үшін бірлескен жұмысты жалғастыруға ниетті.

Соңында жұмыс тобының отырысында Трансшекаралық су нысандарын бірлесіп басқару және пайдалану туралы үкіметаралық келісімнің жобасын дайындау мәселелері талқыланды. 2023 жылғы 19 желтоқсанда келісілмеген мәселелер бойынша өзара ыңғайлы шешімдер қабылдау үшін салалық министрлердің келіссөздері өтеді деп күтілуде.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны