08.06.2023, 15:33 13881

Қазақстан Орталық Азияның экономикалық локомотиві қызметін жалғастыруда - Тоқаев

Өткен жылы Қазақстанның экспорты 40 пайызға дерлік өскен
Қазақстан Орталық Азияның экономикалық локомотиві қызметін жалғастыруда - Тоқаев
Сурет: telegram/Aqorda
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында Қазақстан геосаяси қиындықтарға қарамастан, Орталық Азияның экономикалық локомотиві қызметін атқарып отырғанын айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Қазақстан бұрыннан Шығыс пен Батыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы алтын көпір саналады. Көп жағдайда бұл форум ұлы Еуразия даласының мәдениетіне, тарихына сай келеді.


Біз осынау мұрамызды мақтан тұтамыз. Дәл осы үздіксіз тауар, мәдени жетістіктеріміз бен идея алмасу арқылы Қазақстанның өзіндік ұлттық бірегейлігі және оның ерекше көпжақты ынтымақтастыққа негізделген бренді қалыптасты.

Геосаяси қиындықтарға қарамастан, Қазақстан Орталық Азияда да экономикалық локомотив қызметін атқарып отыр.

Біз шетелден кең көлемде инвестиция тартуды жалғастырамыз және Қазақстанда бизнес жүргізу үшін барынша жағдай жасаймыз",- деді президент өзінің баяндамасында.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны