09.08.2021, 11:50 7759

Қазақстан Түркияға өрт сөндіруге көмек көрсету үшін екі тікұшақ жіберді

ҚР ТЖМ суағар құрылғылары бар "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 АМТ 2 тікұшағын және құрамында 16 құтқарушы бар жедел тобын Түркия Республикасына жіберді.
НҰР-СҰЛТАН. 9 ТАМЫЗ - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі суағар құрылғылары бар "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 АМТ 2 тікұшағын және құрамында 16 құтқарушы бар жедел тобын орман өрттерін сөндіруге көмек көрсету үшін Түркия Республикасына жіберді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Қазақстандық тікұшақтар 7 тамыз күні ұшып шықты және үш мемлекетте тоқтап, олардың шекарасы арқылы Түркияның Мұғла қаласына ұшып жетті. Жедел топты Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында ҚР ТЖМ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев шығарып салды. Біздің құтқарушыларымыздың жергілікті түрік билігімен өзара іс-қимылын ҚР-дың Түркиядағы Елшілігі үйлестіреді.
 

Сондай-ақ, Қазақстан өртенген аумақтардағы орман жамылғысын қалпына келтіруге гуманитарлық көмек көрсетуге ниетті. Отырғызылған орман қазақ және түрік халықтарының арасындағы достық пен бауырластық байланыстардың символы болады", - деп қосты министрлікте.

 
Бұған дейін Түркия Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Коджа хабарлағандай, Түркияда орман өрттерінде қаза тапқандар саны сегізге дейін өсті, зардап шеккендер саны 850-ден асады. Түркияда тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясымен байланысты "Дети огня" ("От балалары") тобы елдегі ормандардың өртенуі үшін жауапкершілікті өз мойнына алды. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны