07.06.2023, 10:13 8761

Қазақстанда екі айда 40-тан астам қару тәркіленді

Заңсыз айналымда жүрген қару-жарақты іздестіру мен тәркілеу іс-шаралары жалғасуда
Қазақстанда екі айда 40-тан астам қару тәркіленді
Сурет: ҚР ҰҚК
2023 жылғы сәуір және мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірге, сонымен қатар прокуратура органдарымен әрекеттесе отырып, қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, оның ішінде "қаңтар" оқиғалары кезінде ұрланғандары да бар.

Нәтижесінде 42 бірлік қару ("МР-40" автоматы, "Драгунов" снайперлік винтовкасы, 22 мылтық, 18 тапанша), 8 граната, РПГ-ның 2 снаряды, 4051 түрлі калибрлі оқ-дәрі, сонымен қатар броньды қорғаныс кеудешелер, автоматтардың оқжатарлары, радиостанциялар және пышақтар тәркіленді", деп мәлім етті ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен.


Бұл фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заңсыз айналымда жүрген қару-жарақты іздестіру мен тәркілеу іс-шаралары жалғасуда.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны