28.02.2023, 13:16 16851

Қазақстанда Елорда күніне орай демалыс күні ауыстырылады

Қазақстанда Елорда күніне орай демалыс күні ауыстырылады
Сенбі, 1 шілде күні, 7 шілде жұманың орнына жұмыс күні болады

Астана. 28 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "2023 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" Үкімет қаулысының жобасын дайындады. Құжат "Ашық НҚА" порталында 15 наурызға дейін жария талқылау үшін жарияланды.

Қаулымен демалыс күнін Елорда күніне орай ауыстыру бекітілді. Естеріңізге сала кетейік, Елорда күні Қазақстанда 6 шілдеде атап өтіледі.

Демалыс күні 2023 жылғы 1 шілде сенбіден 2023 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылсын", - делінген құжатта.


Сенбі, 1 шілде күні, 7 шілде жұманың орнына жұмыс күні болады. Осылайша, Елорда күніне орай бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар қатарынан 4 күн - 6, 7, 8, 9 шілдеде демала алады.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін қазақстандықтарды 2023 жылы қанша мереке күні күтіп тұрғаны хабарланған болатын.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны