07.12.2023, 17:28 80401

Қазақстанда ӨКМ қалдықтарын жинау, тасымалдау және қайта өңдеу үшін төлемдер қағидалары бекітілді

Қазақстанда ӨКМ (Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері) қалдықтарын жинау, тасымалдау және қайта өңдеу үшін төлемдер қағидалары бекітілді. Бұл жөнінде ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылғы 27 қарашада Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығымен "Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының өндірушілерден және импорттаушылардан оның банктік шотына түскен өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері қолданылатын өнімнің (тауарлардың) тұтыну қасиеттері жоғалғаннан кейін пайда болатын қалдықтарды жинауды, тасымалдауды, қайта пайдалануға дайындауды, сұрыптауды, өңдеуді, қайта өңдеуді, залалсыздандыруды және (немесе) кәдеге жаратуды ұйымдастыруға төлемдер арқылы ақшаны жіберу қағидалары" бекітілді (EcoQolday).

Бұған қоса Қағидалар 2023 жылғы 6 желтоқсанда жарияланғаны және 2024 жылғы 4 ақпанда қолданысқа енгізілетіні (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң) мәлім болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны