26.09.2023, 14:23 33156

Қазақстанда коронавирус бойынша шектеулер енгізуді жоспарда жоқ - Ғиният

Эпидемиологиялық жағдай жақсы
Қазақстанда коронавирус бойынша шектеулер енгізуді жоспарда жоқ - Ғиният
Сурет: unsplash.com
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндап, коронавирус шектеулері қайта орнай ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Елімізде коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Қазір жиырмадан астам ел коронавирус инфекциясының өршіп келе жатқанын айтуда. Ал бізде өткен жылмен салыстырғанда керісінше 30 есеге жуық төмендеу бар екенін көріп отырмыз. Сондықтан біз мұны бақылауда ұстаймыз», - деді Денсаулық сақтау министрі Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, қазір де шағымдармен келіп, ауруханада емделіп жатқан науқастар бар. Инфекциялық стационарлар небәрі 2% толған.

«Тұтас ел бойынша 200 мыңнан астам доза (Cinofarm, Pfaizer Commirnaty) вакцина бар, кез келген адам вакцина ала алады. Эпидемиологиялық жағдай жақсы болғандықтан, еш шектеу шаралары болмайды», - деді Ажар Ғиният.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны