02.11.2019, 15:14 15321

Қазақстанда пара сомасы 2,5 млн. теңгеден асатын оқиғалардан хабар берген азаматқа 10% мөлшерінде сыйақы төлеу туралы заңнамалық бастама ұсынылды

А.Шпекбаевтың мәлімдемесіне сәйкес, бұл бастаманы барлық мемлекеттік органдар қолдаған және таяу арада Үкіметтің тиісті қаулысына өзгертулер енгізілетін болады.

Нұр-Сұлтан. 2 қараша. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысының 20 мамырдағы тапсырмаларына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірнеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық бастамалар әзірледі.

Бұл туралы Алқа отырысы барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді.

Бірінші. Тікелей бағынышты адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін мемлекеттік орган басшыларының - саяси мемлекеттік қызметшілердің жұмыстан кетуін енгізу.

Норма соттың айыптау үкімі немесе қылмыстық істі ақталмайтын негізде тоқтату туралы шешім заңды күшіне енгеннен кейін қолданылады.

Екінші. Бағынышты қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларын қабылдамағаны үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының басшыларының жеке тәртіптік жауапкершілігі енгізілуде.

Үшінші. Нормативтік құқықтық актілердің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізуді қалпына келтіру.

Оны қоғамды тарта отырып жүргізу тәртібі Үкіметтің жеке қаулысымен анықталады (Агенттік әзірлейді).

Осы үш бастама Президенттің қол қоюына жолданған заң жобасында көрсетілген.

Сонымен қоса, А. Шпекбаев мәселенің тағы бір бөлігі мемлекеттік органдармен келісу рәсімін өтіп жатқанын атап өтті.

Біріншіден, бұл заңсыз баю үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті енгізу.

Агенттік шенеуніктердің кірістері мен шығыстары біршама сәйкес келмеген жағдайда мансаптық және қаржылық санкция қолдануды ұсынады.

Мұнымен қоса, Агенттік барлық мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілердің декларацияларын жариялауды міндеттеуді жөн санайды.

Екіншіден, құқық қорғау органдары мен бақылау-қадағалау органдарының қызметкерлеріне қатысты Integrity Check парасаттылыққа тексеру институтын енгізу.

Бұл шенеуніктің сыбайлас жемқорлыққа бейімділігін анықтауға бағытталған алдын-алу шарасы, қарапайым құрал.

Оны Агенттік, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жеке қауіпсіздік құрылымдары ерекше өндіріс (құпия тәсілермен) және соттың қатаң санкциясымен жүзеге асырады.

Парасаттылыққа тексеруден өтпеген, нақтырақ айтқанда материалдық немесе өзге де пайда мен артықшылықтарды алуға келісім берген тұлға қылмыстық қудалаусыз жұмыстан шығарылады.

Мұндай тәжірибе Еуропа елдері мен АҚШ-та қолданылады.

Агенттік осы құқықтық нормаларды әзірледі және заңнамалық пысықтауға әзір.

Үшіншіден, азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесін енгізу.

Егер пара немесе келтірілген залал сомасы 2,5 млн. теңге болса, шекті деңгейден көп емес 10% мөлшерінде сыйақы ұсынылады (мәселен 10 млн. теңге).

А.Шпекбаевтың мәлімдемесіне сәйкес, бұл бастаманы барлық мемлекеттік органдар қолдаған және таяу арада Үкіметтің тиісті қаулысына өзгертулер енгізілетін болады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны