16.03.2026, 12:06 891

Қазақстанда республикалық референдум күні 585 бала дүниеге келді

Қазақстанда республикалық референдум күні 585 бала дүниеге келді
Сурет: gov.kz
2026 жылғы 15 наурызда, республикалық референдум өткен күні, елдің медициналық ұйымдарында 585 нәресте дүниеге келді. Бір тәуліктің ішінде барлығы 583 босану қабылданды, оның ішінде Ақтөбе және Түркістан облыстарында 2 егіз тіркелді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.

Жаңа туған нәрестелердің ішінде 310 ұл және 275 қыз бар.

Балалардың ел үшін маңызды күні дүниеге келуі - өмірдің жалғасуы мен Қазақстанның болашағының нышаны. Әрбір жаңа азамат - мемлекеттің әрі қарай дамуына, әл-ауқаты мен өркендеуіне деген үміт.

Еліміздің барлық өңірлерінде медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетіп, жоғары біліктілік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті.

Отбасыларды қуаныштарымен құттықтаймыз! Сәбилерге мықты денсаулық, бақытты балалық шақ және жарқын болашақ тілейміз.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны