12.10.2023, 10:28 14126

Қазақстанда шамамен 11,2 млн тонна бидай жинау жоспарлануда

Бүгінгі күні Қазақстанда 14,9 млн га дәнді дақылдар жиналды, бұл жоспарланған алаңның 86,2%-н құрайды
Қазақстанда шамамен 11,2 млн тонна бидай жинау жоспарлануда
Сурет: Depositphotos
Бүгінгі күні Қазақстанда 14,9 млн га дәнді дақылдар жиналды, бұл жоспарланған алаңның 86,2%-н құрайды. Орташа өнімділігі 9,2 ц/га болған кезде 13,6 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен.

Әкімдіктердің жедел деректері бойынша күтілетін жалпы астық жинау көлемі шамамен 15,3 млн тонна, соның ішінде бидай бойынша шамамен 11,2 млн тонна болады. Бұл ретте елімізде өткен жылғы жоғары сапалы астықтың көлемі шамамен 3 млн тоннаны құраған.

Ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, күтілетін жалпы алым Республиканың ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз ету үшін және астықтың белгілі бір көлемін экспортқа өткізу үшін жеткілікті", - деп атап өтті Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында.


Ауыл шаруашылығы министрлігі ауа-райынан зардап шеккен фермерлерге қолдау көрсетілетінін еске салды.

Биылғы вегетациялық кезеңде фермерлер бірқатар қиындықтарға тап болды. Оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстігінде қатты жаңбыр жауды, бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына әсер етті.

Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың ауа-райынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қажетті қолдау көрсету жөніндегі тапсырмасы шеңберінде мынадай шараларды қабылдау ұсынылды.

Атап айтқанда, форвардтық сатып алу шеңберінде "Азық-түлік корпорациясының" сатып алу бағасы 3-сыныпты бидай үшін 120 мың теңге және 4-сыныпты бидай үшін 105 мың теңге мөлшерінде белгілену ұсынылады.

Сондай-ақ, форвардтық сатып алу және тауарлық кредит бойынша фермерге айыппұл төлемей немесе 1,05 немесе 5% коэффициенті бойынша 3-сыныпты бидайды 4-сыныпқа ауыстыру жолымен ақшалай қаражатпен міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беру, міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 3% мөлшерінде банктік сыйақыларды өтей отырып, шартты орындау мерзімін 1 жылға ұзартуды жүзеге асыруға мүмкіндік беруге ұсыныс жасалды.

Сонымен қатар, шаруалар "Азық-түлік корпорациясы" астықты фермерлерден, әсіресе жемдік бидайдан тікелей сатып алуды сұрайды. Бұл астық нарығына әсер етуге және сол арқылы астық өндірушілердің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Баяндалғанды ескере отырып, 350 мың тонна көлемінде тікелей сатып алуды мынадай бағамен жүзеге асыру ұсынылды: 4 - сыныпты бидай үшін 105 мың теңге, 5 - сыныпты бидай үшін 90 мың теңге, сыныпты емес бидай үшін 70 мың теңге.

Бұл ретте, сатып алу бюджеттен тиісті қаражат бөлінгеннен кейін жүзеге асырылатын болады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны