22.01.2025, 10:30 18546
Қазақстандағы картоптың бағасы: Сауда министрлігі сауда үстемесінің 15%-дан асып кетуі бойынша 49 фактісін анықтады
Достарға айту
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында ҚР Сауда және интеграция министрлігі кешенді жұмыстар атқаруда. Жыл басынан сауда үстемесін 15%-дан асырмау бойынша 20 аймақтық комиссия өтіп, олардың барысында әлеуметтік маңызы бар өнім саналатын картопқа қатысты 49 заң бұзушылық анықталды. Анықталған барлық фактілер бойынша тиісті әкімшілік шаралар қабылданатын болады, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
Сауда министрлігінің ірі сауда желілерімен, атап айтқанда, Small және Magnum желілерімен өткізілген кездесулердің нәтижесінде, бүгінгі күні Астанадағы Small желісінде картоптың орташа бағасы 280 теңгеге, ал Magnum желісінде 185 теңгеге дейін төмендеді. Сауда комитетінің мониторингі бойынша, бүгінгі күні Қазақстан бойынша картоптың орташа бағасы 322 теңге. Әлеуметтік дүкендер мен ӘКК серіктестерінде - елдің барлық аймақтарында картоптың көлемі жеткілікті және нарықтағы бағадан төмен сатылуда.
Аймақтардың тұрақтандыру қорларында жинақталған картопты сату жалғасуда. 2024 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы 19 қаңтарға дейін жалпы көлемі 85,4 мың тоннаны құрайтын картоптың 23,6 мың тоннасы сатылды. Соңғы 3 күнде шамамен 3 мың тонна картоп сатылды, оның ішінде Алматы қаласында - 300 тонна, Шымкентте - 600 тонна, Түркістан облысында - 300 тонна және т.б. Бүгінгі күні тұрақтандыру қорларында 62 мың тонна картоп бар.
Аталған шаралар ішкі нарықтағы бағаның төмендеуіне ықпал етті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
30.12.2025, 20:36 1886
Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды: зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға көмек көрсету кабинеттері ашылады
Достарға айту
Мемлекет басшысы бала құқықтарын қорғау саласына ауқымды өзгерістер енгізетін ""Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заң кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың уақытылы алдын алудан бастап, шұғыл көмек инфрақұрылымын құруға, өңірлік бала құқықтарын қорғау жөніндегі басқармаларын ашуға және бала құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін лауазымды тұлғалардың дербес жауапкершілігін күшейтуге арналған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінен.
Барлық негізгі нормалар ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен және депутаттық корпуспен бірлесіп әзірленді.
Заң аясындағы маңызды жаңашылдықтың бірі - елімізде зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға көмек көрсету кабинеттерінің ашылуы. Мұнда кәмелетке толмағандарға "бір терезе" қағидатымен кешенді қолдау көрсетіледі.
Балаға қолайлы жағдайда алғашқы психологиялық көмек , сот-медициналық сараптама жүргізу, бейінді мамандардың қатысуымен сауалнама алу сияқты кешенді шаралар қарастырылған. Бұл баланың көптеген ұйымдарға бару қажеттілігін жойып, оның психологиялық тұрғыдан қайта жарақат алуына жол бермейді.
Сонымен бірге білім беру ұйымдарында "баса назар аударуды қажет ететін кәмелетке толмағандарды педагогикалық сүйемелдеу" институты енгізіледі. Бұл шара құқық бұзушылықтардың уақытылы алдын алуға және балаларға дер кезінде көмек көрсетуге арналған.
Сондай-ақ Заңда балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың бірыңғай вертикалін құру үшін өңірлік Балалардың құқықтарын қорғау басқармаларын ашу көзделген. Жаңа құрылымдар үйлестіру жұмыстарына, алдын алу шараларына, жедел қорғауға және "тәуекел тобындағы" балаларға көмек көрсетуге жауапты болады.
Жаңа нормаларды іске асыру мақсатында тиісті қағидалар бекітіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
30.12.2025, 10:14 22156
Биыл Мемлекет басшысының сыртқы және ішкі саясат бағытындағы қызметі өте қауырт әрі жемісті өтті
Сурет: gov.kz
Достарға айту
2025 жыл елеулі саяси және әлеуметтік-экономикалық жаңғыруларға толы болды. Ең бастысы, халықтың тұрмыс-тіршілігінде оң өзгерістер орын алды. Жаңа өндіріс орындары ашылып, қамба астыққа толды. Тұрғын үйлер, мектептер мен ауруханалар салынып, көлік жолдары жаңартылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаев биыл еліміздің 9 өңіріне жұмыс сапарымен барып, 50-ден астам өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көрді.
Сондай-ақ Президент 16 облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің есебін тыңдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 21:42 21381
Республикалық үшжақты комиссия еңбек саласындағы қатердің алдын алу шараларын күшейтуде
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Премьер-министрдің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Жиын барысында қатысушылар еңбек саласындағы қазіргі ахуалды және саладағы қатерді ерте анықтау тетіктерін талқылады. Мониторинг 96 373 кәсіпорын енген Еңбек тәуекелдерінің картасы арқылы жүзеге асырылады, оның ішінде 1 783 кәсіпорын ерекше бақылауда тұр. Жүйе енгізілген сәттен бастап 3,2 мың ұйым қаупі жоғары санатынан шығарылды, бұл 100 мыңнан астам қызметкерді қамтиды.
Сондай-ақ еңбекті қорғау және өндірістік жарақаттың алдын алу мәселелері қаралды. Жалпы көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан, бірқатар салалар мен өңірлерде профилактикалық жұмысты күшейтуді талап ететін қатер әлі де бар.
Премьер-министрдің орынбасары білім беру жүйесі мен еңбек нарығы арасындағы өзара байланысты нығайтуға, оның ішінде Enbek.kz платформасы арқылы студенттердің кәсіби тәжірибесін ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Отырыс соңында Республикалық үшжақты комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Жиын қорытындысы бойынша салалық мемлекеттік органдарға әлеуметтік-еңбек қаупі жоғары кәсіпорындарға мониторингті күшейту, ведомствоаралық деректер алмасу бойынша жұмысты жандандыру, сондай-ақ кәсіпорын басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру арқылы өндірістік жарақаттың алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 19:55 1131
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
Сурет: Akorda
Достарға айту
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің ұлттық энергетикалық жүйенің орнықтылығына арналған отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Жиында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ,Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов және бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары баяндама жасады.
Президент энергетикалық қауіпсіздік еліміздің тәуелсіздігі мен экономикалық орнықтылығын қамтамасыз ететінін атап өтті.
Бүгінде Қазақстанның электр қуатын өндіруге қажетті ресурстары жеткілікті. Дегенмен сұраныстың ұдайы артуы қуат көздерін ұтымды әрі оңтайлы пайдалануды талап етеді.
Кеңесте отандық электр қуатын қажеттілікке қарай икемдеп өндіру мәселесі қозғалды. Соның ішінде газ генерациясы, энергия сақтау жүйелерін дамыту жоспарларымен қатар гидроэнергетиканың әлеуеті өзекті саналады.
Мемлекет басшысының айтуынша, аграрлық секторға, өнеркәсіп пен экономиканың басқа да салаларына су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу маңызды.
Сонымен қатар саланың ғылыми-техникалық және кадрлық жай-күйіне айрықша назар аударылды. Кәсіби кадрларды даярлау гидроэнергетика бағытындағы ғылыми-зерттеу базасын дамыту үшін де керек.
Жиын соңында Үкіметке және өңір әкімдеріне отандық энергетика жүйесінің тұрақтылығына қатысты мәселелерді жан-жақты шешу тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 19:40 52546
Әкімдіктер туристік нысандарға арналған жерлердің мақсатты пайдаланылуын бақылайтын болады
Достарға айту
Мәжіліс депутаттары бастамашы болған туристік сала мен балалар спортын қолдау туралы заң екінші оқылымда қабылданды. Түзетулер ишкі туризмді дамытуға, туристические саланы мемлекеттік қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіруге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілисі.
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" заңға уәкілетти органның:
- Ел ішінде кәмелетке толмаған жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау үшін туристік өнімге кіретін билет бағасын субсидиялауға құқылы туристік өнімге;
- келу туризмі саласындағы туристік оратороператордың шығындарын субсидиялау мөлшеріне;
- туристерді орналастыру орындарын, визит-орталықтарды салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерликікі субъектлері шығындарының бір бөлигін өтеуге қойылатын талаптарын анықтау құзыреттерін нақтылауға бахытталған түзетулер англізіледі.
Сонымен қатар әкімдіктерге мемлекеттік қолдау арқылы құрылған немесе жаңғыртылған туристік инфрақұрылым нысандарын кәсіпкерлердің иеліктен шығарылмауын, ониң мақсатты пайдаланылуын бақылау сынды жаңа өкілеттіктер беріледі. Оған туристік орындар, визит-орталықтары, тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника, сондай-ақ жол бойындағы қызмет көрсету нысандары кіреді.
Әкімдіктерге басым туристік аймақтардың шекараларын анықтау бойынша жаңа өкілеттіктер беру оларға аймақтық ерекшеліктерді, туристік әлеутті және осы аймақтардың инфрақұрылымдық дайындығын ескеруге мүмкіндик береди. Бұл жаждет деңгейде туризма кешенді әрі теңгерімді түрде дамытуды қамтамасыз етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 18:13 52826
Шарабасов ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Жайық Серікқалиұлы Шарабасов ҚР оқу-ағарту вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің Баспасөз қызметі хабарлайды.
Жайық Шарабасов 1980 жылы Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында дүниеге келген. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын және Уорик университетін (Ұлыбритания) бітірген
Еңбек жолын 2003 жылы жеке құрылымда бастаған. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 09:02 64316
2026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі
Достарға айту
2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрін, базалық және ынтымақты зейнетақыларды ҚР Ұлттық Банкі айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 10%-ға арттыру көзделген, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғарғысын 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру жүзеге асырылуда.
Мәселен, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы), ең жоғары мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін артып, 60 005 теңгені құрайды.
Мысалы, 2019 жылы зейнеткерлік демалысқа шыққан 70 жастағы зейнеткердің бюджеттен төленетін зейнетақысының мөлшері 2025 жылы 171 588 теңгені құрады, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі - 50 851 теңге, ынтымақты зейнетақы - 120 737 теңге. 2026 жылғы 1 қаңтардағы арттыруды ескере отырып, осы зейнеткер үшін зейнетақының жалпы сомасы 192 816 теңгеге дейін ұлғаяды, оның ішінде базалық зейнетақы - 60 005 теңгені, ынтымақты зейнетақы - 132 811 теңгені құрайды. Аталған сомаларға БЖЗҚ төлемдері кірмейтінін атап өткен жөн.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерінің ұлғаюына бірнеше мысал:
- 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда - 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін ұлғаяды;
- мөлшері бала санына байланысты көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге дейін, 10 баласы барларға - 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін ұлғаяды;
- I топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 101 702 теңгеден 111 872 теңгеге дейін, II топтағыларға - 81 362 теңгеден 89 498 теңгеге дейін, III топтағыларға - 55 474 теңгеден 61 021 теңгеге дейін ұлғаяды.
Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) төленетін асыраушысынан айырылу және еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша төлемдер де 10%-ға артады. Бұл төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен төленетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.
Төлемдердің мөлшері жеке дара болып табылады және соңғы 2 жылда МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, еңбек ету қабілетінен айырылу коэффициенттеріне, асырауындағы адамдар санына, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және табысты алмастыруға байланысты болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
29.12.2025, 08:24 21616
Астанада әлеуметтік саланы кешенді дамытудың басымдықтары талқыланды
Сурет: primeminister.kz
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Прьемер-министрінің орынбасары - мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Астана қаласы әкімдігінде қала активі мен Қоғамдық кеңес мүшелері қатысқан кеңейтілген отырыс өтті. Жиында елордадағы әлеуметтік саланың жағдайы мен Мемлекет басшысының елордада өмір сүру сапасын арттыру бойынша тапсырмасының орындалу барысы талқыланды, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Отырыс барысында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек халық санының тұрақты өсуі қала инфрақұрылымына жаңа міндеттер қойып, алдын ала жоспарлауды қажет ететінін жеткізді.
1 қарашадағы есеп бойынша, Астана халқының саны 1 622 245 адамға жеткен. Жыл басынан бері халық саны 93 542 адамға артқан, оның ішінде 17 265 адам табиғи өсім есебінен, ал 76 277 адам көші-қон арқылы тіркелген. Халық саны 6,12% өсіп, жыл сайынғы көші-қон ағыны шамамен 100 мың адамға жеткен. Бұл жағдай денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау жүйелеріне түсетін жүктемені айтарлықтай арттырып отыр.
Жиында денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ерекше назар аударылды. ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің мәліметінше, елордада 277 медициналық ұйым жұмыс істейді. Ғимараттардың тозу деңгейі - 14,7%, медициналық техникамен қамтылуы - 82,4% (ел бойынша орташа көрсеткіш - 86,7%). Сонымен қатар салада кадр тапшылығы мәселесі әлі де өзекті. Қазіргі демографиялық жағдайда перзентханалар мен перинаталдық орталықтарға да көңіл бөлу қажет. Соңғы 10 жылда елордадағы босану саны 45%-ға артқан.
Аида Балаева нақты бағытталған медициналық көмек көрсетудің маңызын сөз етті.
Медицина бақылаусыз жағдайда жұмыс істей алмайды. Көмек пен қызметтер нақты бағытталуы тиіс. Басқарушылық шешімдер жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, азаматтарға қызмет сапасының жақсаруына ықпал етуі тиіс", - деді ол.
Халық санының тұрақты өсуі мен көші-қон белсенділігі білім беру саласына да әсер етіп жатыр. ҚР оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, елордада шамамен 200 орта білім беру ұйымы жұмыс істейді, онда 300 мыңнан астам оқушы бар. Жыл сайын оқушылар саны 10-12 мың балаға артып келеді.
Сонымен қатар салада бірқатар қиындық та бар. Атап айтсақ, жекеменшік мектептердегі кадр тапшылығы мен инфрақұрылым мәселесі. 2025 жылы жекеменшік мектептерді қаржыландыруға 272 млрд теңге бөлінген, бұл білім беру қызметтерінің ашықтығын, стандарттарға сәйкестігін және сапасын арттыру міндетін айқындайды.
Ерекше назар мектепке дейінгі және бастауыш білім беру жүйесіне аударылды. Жиын қатысушылары педагогтерді даярлау сапасын арттырудың, сонымен бірге мұғалімдерге түсетін артық әкімшілік жүктемені азайтудың маңызды екенін атап өтті.
Инфрақұрылым салып, заманауи техникамен жабдықтауға болады. Алайда сапа жоқ болса, нәтиже де болмайды. Бүгінгі балалар - ертеңгі қоғам. Президент көтерген бастамалар жауапты әрі белсенді азамат қалыптастыруға қызмет етуі қажет", - деді вице-премьер.
Сондай-ақ цифрландыру мен жасанды интеллект мұғалімді алмастыру үшін емес, оны қолдайтын құрал ретінде қажеттігі айтылды.
Астана ірі академиялық орталық мәртебесіне ие болғанымен, жоғары білім беру жүйесінде кадр даярлау бойынша құрылымдық мәселелер бар. Қаладағы 13 жоғары оқу орнында 105 мыңнан астам студент білім алады. Алайда гуманитарлық бағыттарда артықшылық болғанымен, инженерлік, IT, медицина және педагогика саласы бойынша тапшылық бар. ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, қабылдау жүйесін экономика сұранысымен тығыз байланыстыру, дуалды оқытуды дамыту және білім беру бағдарламаларын цифрландыру мен ЖИ-ді талаптарына сай жаңарту қажет.
Демографиялық өсім еңбек нарығы мен әлеуметтік қолдау жүйесіне де әсер етуде. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың мәліметінше, елордадағы экономикалық белсенді халық саны 750 мыңнан асады. 2024-2025 жылдары қалаға 90 мыңнан астам адам келген, әлеуметтік қолдау алушылар саны 120 мыңға жуық. 2025 жылы 42 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар спорт және туризм инфрақұрылымы да қаралды. Астанада 800-ден астам спорт нысаны бар, олардың 60%-ға жуығы - жекеменшік. Инфрақұрылыммен қамтылу деңгейі 55-60% шамасында. Қала тұрғындарының 41%-ы спортпен жүйелі түрде айналысады, алайда жаңа тұрғын алаптарында жақын маңда қолжетімді спорт нысандары жеткіліксіз.
Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева жиынды қорытындылай келе, елорданың әлеуметтік дамуы демографиялық және көші-қон процестерін бағалауға негізделген кешенді шешімдерді қажет ететінін атап өтті.
Астана қаласының әкімдігі мен салалық мемлекеттік органдарға қызметтерді мақсатты жоспарлау мен қаржыландыру, кадр саясатын экономика сұранысына сай жүргізу, жаңа тұрғын алаптарында әлеуметтік инфрақұрылымды қолжетімді ету, бюджет қаражатының ашықтығын қамтамасыз ету және елорданың Қоғамдық кеңесімен өзара байланысты күшейту тапсырылды.
Сондай-ақ Астананың халқының қарқынды артуы кезінде тұрақты дамудың негізгі факторы нысандар мен бағдарламалардың саны емес, басқару сапасы екені ерекше атап өтілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
29.12.2025, 09:022026 жылы Қазақстанда зейнетақылар мен жәрдемақылар қаншалықты өседі 25.12.2025, 20:43 63076Қасым-Жомарт Тоқаев Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты26.12.2025, 13:46 62996Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады25.12.2025, 16:25 62841Қазақстан мен Израиль "жасыл" технологиялар және қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда25.12.2025, 15:23 57996Нью-Делиде қазақ-үнді қатынастарының жылдық қорытындылары талқыланды
17.12.2025, 17:47 231876Ташкентте қазақ киносының күндері өтті17.12.2025, 15:52 227396Венада Айман Мұсақожаеваның концерті өтті15.12.2025, 23:30 225681Ұлы Дала әуендері Куала-Лумпурдың жүрегінде жаңғырды15.12.2025, 23:10 222686Бейжіңде "Қазақстанның достары клубының" отырысы өтті15.12.2025, 22:01 213666Прагада Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы атап өтілді

