Система Orphus

Қазақстандық кәсіпорындар тәулігіне 170 мыңға дейін медициналық маска шығарады - ҚР ИИДМ

02.03.2020, 21:56 18955

Алматы. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Үкіметте өткен баспасөз конференциясында журналистерге елімізде маскалардың тапшылығына байланысты сұраққа қатысты түсінік берілді.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжанов еліміздің маскалармен толық қамтамасыз етілетінін айтты.

"Әрине, жекелеген дәріханаларда бүгінде шынымен де маскалар жоқ шығар. Біз оған кепілдік бере алмаймыз. Бұл тақырып көтерілген алғашқы күндері Қазақстанда ғана емес, көптеген елдерде осындай дүрбелең орын алды. Сондықтан, әрине, белгілі бір тапшылық болды. Бірақ қазір бұл мәселенің барлығы толығымен мемлекеттің бақылауына алынған. Маскамен қамтамасыз ету мәселесі бүгінде күн тәртібінде тұр. Біздің өз компанияларымыз бар, сондықтан барлық мемлекеттер қазір осы мәселеге алаңдаушылық білдіріп отыр, өздері шығаратын маскаларды жібермейді. Сол себепті біздің барлық төрт компания толық жұмыс істеп жатыр. Қазақстан маскалармен толық көлемде қамтамасыз етіледі. Тағы да айтамын, егер жекелеген дәріханаларда маскалар болмай қалса, ол Қазақстанда біздің бұған әзір еместігімізді білдірмейді", - деді Е. Тоғжанов.

Сондай-ақ ол нақты мемлекеттік органдарға, ең алдымен, шекара маңы және кеден қызметтеріне Қазақстан шекарасынан тыс жерлерге маскаларды шығаруға қатаң тыйым салу туралы тапсырма берілгенін хабарлады. Е. Тоғжановтың айтуынша, мұндай әрекеттер, ең алдымен, Қазақстаннан Қытайға жеткізу тұрғысынан орын алған.

Денсаулық сақтау министрі Е. Біртановтың айтуынша, дені сау адамға маска киюдің қажеті жоқ. Ең алдымен, маскалар науқастар мен тәулік бойы түрлі инфекциялары бар пациенттермен байланысқа түсетін медицина қызметкерлері жұмыс істейтін медициналық мекемелерде міндетті түрде болуы тиіс.

"Біз медицина ұйымдарына адамдарды қорғау үшін қор қалыптастырдық. Егер сіз өзіңіз ауырып жүрсеңіз, тіптен қарапайым тұмау болса да, айналаңыздағы адамдарды қорғау үшін маска тағып жүруіңіз қажет. Орын алған дүрбелең, байбалам үлкен шығын әкелуде, себебі бөлшек саудадағы бүкіл көлемді азаматтар бүгінде сатып алған. Қосымша өндіру мәселесі қаралып жатыр", - деді денсаулық сақтау министрі.

Өз кезегінде ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қазақстандық кәсіпорындардың өнімділігі тәулігіне 170 мың масканы құрап отырғанын хабарлады.

"Ай сайын бұл кәсіпорындар 5 млн дана маска шығарады. Оны 6,5 млн данаға дейін көбейтуге мүмкіндік бар. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша біз оларды қамтамасыз етумен айналысып жатырмыз. Олардың шикізаты жыл соңына дейін жеткілікті. Тек бір компанияда ҚХР-дан жеткізушілер шикізат орнына медициналық маскалардың 50%-ын беруді сұраған жағдай болды. Бұл мәселе шешілді", - деді Б. Қамалиев.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны