24.03.2020, 23:47 25736

Қазақстандықтар Қырғызстаннан эвакуацияланды

Қазақстан Әскери-әуе күштері, әскери көлік авиациясының күшімен 21 азамат оның ішінде 10 бала елге оралды. Эвакуацияланғандар Қырғызстанда емделулеріне байланысты болғандықтан келе алмаған.

Алматы. 24 наурыз. Kazakhstan Today - Қазақстандықтар Қырғызстаннан эвакуацияланды.

Қазақстан азаматтарының денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңға дейін Қырғызстан Республикасында болған қазақстандықтар өз Отандарына эвакуацияланды.

Аталмыш эвакуация коронвирустың таралуына байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларына сәйкес жүргізілді.

Қазақстан Әскери-әуе күштері, әскери көлік авиациясының күшімен 21 азамат оның ішінде 10 бала елге оралды. Эвакуацияланғандар Қырғызстанда емделулеріне байланысты болғандықтан келе алмаған.

Айта кету керек, эвакуацияланғандар арасында короновирус инфекциясын жұқтырғандар жоқ. Денсаулық жағдайдары жақсы, шағымдары болмаған. Барлық келген адамдар тиісті медициналық тексерістен өтіп, инфекциялық бақылау талаптарына сәйкес карантинге жіберіледі.

Эвакуацияланған азаматтардың туыстары мен жақындарына келгендігі туралы хабарланып, олар карантин кезеңінің ережелерімен танысады.

Бұдан бөлек, Атырау қаласының әуежайына келгеннен кейін әскери ұшаққа санитарлық өңдеу жүргізілді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны